Аймақтар • 18 Қаңтар, 2023

Қарағанды облысында есірткі сатушылар құрықталды

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында синтетикалық есірткі саудасымен айналысқан төрт ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды облысында есірткі сатушылар құрықталды

Қарағанды облысының Полиция департаменті таратқан ақпаратқа қарағанда, ұсталғандар есірткі саудасын әлеуметтік желілер арқылы ұйымдастырған. Жалдамалы пәтерді тінту кезінде полиция қызметкерлері ақ түсті зат салынған 90 түйіншекті тауып, тәркіледі. Сараптама көрсеткендей, сатуға дайындалған есірткінің жалпы салмағы 603 граммды құраған.

Күдіктілер ұсталды. Олардың екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 297-бабы «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу, жөнелту немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау» бойынша қылмыстық іс тіркелді.

пд