Қазақстан • 19 Қаңтар, 2023

Қазақстанда қанша криптобиржа тіркелген?

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы басқармасының төрағасы Ернұр Рысмағамбетов Қазақстанда қанша крипобиржа тіркелгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда қанша криптобиржа тіркелген?

Сенат отырысында сөз сөйлеген Ернұр Рысмағамбетов Қазақстанда қорғалған және қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің жоспарланған нарығының болжамы және бұл құралдар қазақстандықтар арасында қаншалықты сұранысқа ие болады деген сұраққа жауап берді.

Оның айтуынша, АХҚО экожүйесінде сегіз крипто биржа тіркелген, тағы 19-ы тіркелуге ниетті.

«Қамтамасыз етілмеген крипто-активтер бойынша ресми статистика жоқ. Бірақ кейбір бағалаулар бойынша, Қазақстанда криптографиялық активтерді пайдаланушылар саны 100 мың азаматтан миллион азаматқа дейін өлшенеді», деді «АХҚО Әкімшілігі» АҚ басқарма төрағасы.

Ол АХҚО-ға берілген қамтамасыз етілмеген активтер қаржылық активтерге айналатынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар