Спорт • 19 Қаңтар, 2023

Ендігі үміт – Еленада

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Мель­бурнде өтіп жатқан «Үлкен дулыға» санатын­дағы Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты.

Ендігі үміт – Еленада

Жүлде қоры 51,5 миллион АҚШ долларын құрайтын жарыстың алғашқы кезеңінде дүниежүзілік рейтингте 48-орында тұрған италиялық Элизабетта Коччареттоны екі сетте – 7:5, 6:3 есебімен тізе бүктірген Ры­бакина екінші айналымда әлемдік рейтинг­те 104-орында тұрған словениялық Кайя Йуванмен кездесті. Бірінші партияда Қазақ­стан теннисшісі мықтылық танытып, қарсы­ласына еш мүмкіндік қалдырмады – 6:2. Екінші сетте де жерлесіміз білгенінен жа­ңылған жоқ – 6:1. Небәрі бір сағатқа созыл­ған бәсе­кеде Елена 5 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді.

Енді Е.Рыбакина төртінші айналымға шығу үшін бүгін әлемнің 11-ракеткасы америкалық Даниэль Коллинзбен шеберлік байқасады. Елена жуырда Д.Коллинзді Аделаидадағы турнирде 5:7, 6:2, 6:3 есебімен ұтқан еді. Ал 2021 жылы Сан-Хоседе (АҚШ) өткен додада Д.Коллинз Рыбакинадан екі сетте – 7:6, 7:6 есе­бімен басым түскен болатын. Өкінішке қарай, қыздар бәсекесінде бақ сынап жатқан тағы бір отандасымыз Юлия Путинцева кеше чехиялық Каролина Плишковадан жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды – 6:0, 7:5.