Аймақтар • 19 Қаңтар, 2023

Бар жақсылық – балаға

211 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тағдыр талайы күрделілеу, көптен өзгеше тұрмыс кешу пеше­несіне жазылғандардың қалыпты өмір сүруін қамта­ма­сыз ету – бүгінде жиі айтатын азаматтық қоғам­ның бірден-бір міндеті. Сондықтан да бұл кірпияздау мәселеге мем­лекеттік деңгейде мән беріледі. Қандай да бір физи­ка­лық дамуындағы кедергілерге қарамастан кез келген адам өзін қоғамның толық мүшесі санайтындай жағдай жасалуға тиіс.

Бар жақсылық – балаға

Ел көлемінде соңғы жылдары бұл бағытта ілкімді іс­тер жоқ деуге келмейді. Мүм­­кіндігі шектеулі жандар көзге көрінбейтін шекара ше­гін­де қалып қоймауы керек. Осы орайда елімізде оңалту орта­лықтары жұмыс істейді. Бұдан бірер жыл бұрын ба­ла­ларға арналған мұндай орта­лықтардың кемдігі жиі айтылатын. Қазіргі таңда бұл бас­­­­ты назарда. Балаларға арнал­ған сондай орталықтың бірі Балқаш қаласында орналасқан.

Аталған орталық Қара­ған­ды облысының аудан-қа­ла­ларынан келген мүм­кін­дігі шектеулі балаларға көмек көр­сетеді. Бұл – маман­дан­ды­рыл­ған орталық. Мұнда қа­был­данатын балалардың жас шамасы – 1,5 жастан бастап, 18 жасқа дейінгі аралық.

Оңалту орталығына арнал­ған ғимарат толықтай жаң­ғырды. Инженерлік желілері жаңадан жүргізіліп, қолже­тімді қағидатына сай жөндеу жұмыстары жасалды. Бас­пал­дақтарға арнайы кө­тер­гіш­тер де орнатылды. Бас­шы­­лық­тың мәлім­де­уін­ше, орта­лық балаларға қызмет көр­се­ту­ге әзір.

– Орталықтың ем-дом жасайтын мамандары түгел. Дәрігерлер, мұғалімдер қабыл­данды. Атап айтқанда, орта­лықта педиатр, ортопед-травматолог, реабилитолог, психолог, невропатолог, логопед, дефектолог, музыка, дене шы­нықтыру мұғалімдері және басқа мамандар балалармен жұмыс істейтін болады.

Жаттығу терапиясы, физиотерапия, массаж бөлме­лері жабдықталған. Монтес­сори бөлмесі дайын. Ыстық ванна, гальванизация, электрофарез, магниттерапия се­кілді аппараттар бар. Жатын бөлмелерге функционалды кереуеттер қойылды. Пациент­тер­ге күніне бес рет ыстық тамақ беріледі, – дейді Оңалту орта­лығы директорының мін­де­тін атқарушы Дарын Әубәкіров.

Орталықта 50 орын бар. Ден­сау­лығындағы түрлі көр­сет­кіштеріне байланысты ба­ла­­лар жарты жылға дейін орта­лықта ем-шара қабылдай ала­ды. Оңалту кешенді түрде жүргізіледі. Яғни онда меди­ци­налық, әлеуметтік және пе­да­гогикалық үдерістер қам­тылады. Мамандар тарапынан көр­сетілетін қызметтің барлығы тегін. Бүгінде Aleumet.egov әлеуметтік порталы арқылы оңалтуға өтініш біл­дірген балаларды қабылдау жүріп жатыр.

Ал ресми деректер бо­йынша Қарағанды облысында мүмкіндігі шектеулі балалар саны 5 мыңнан асып жығылады.

 

Қарағанды облысы,

Балқаш қаласы