«Өзгенің көлігін басқарған жолаушы Абай даңғылы мен Исатай-Махамбет көшесінің қиылысында үйге соғылып, газ құбыры мен екі электр бағанын бұзды. Көлік басқарған ер адам оқиға орнында қайтыс болды», деп жазылған Polisia.kz таратқан хабарламада.
ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.