Экология • 20 Қаңтар, 2023

Ақтаудағы жағалау суының ластану себебі анықталып жатыр

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті 7-шағын аудан маңындағы лас судың теңізге ағу фактісі бойынша тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz 

Ақтаудағы жағалау суының ластану себебі анықталып жатыр

Экология департаменті мамандары жер астынан су шығып жатқанын, оның негізгі көзі белгісіз екенін хабарлады.

Ведомство Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, «Каспий жылу, су арнасы» МКК және «Қала жолдары» ЖШС-не аталған жайтқа қатысты негізгі көзді нақтылау керектігін айтқан.

Мамандар су сынамасын алып, зертханаға жеткізді. Нәтижесі кейінірек белгілі болады.