![«Арсенал» өз алаңында «Манчестер Юнайтедті» жеңді](/media/2023/01/23/volga.jpg)
Ойын 3:2 есебімен аяқталды. «Арсенал» 50 ұпаймен АПЛ-дың турнирлік кестесінде бірінші орынға тұрақтады.
Лондон командасы екінші орындағы «Манчестер Ситиден» 5 ұпай ұзап кетті. Оның үстіне «Арсенал» манчестерлік командадан бір ойын кем өткізген. «Манчестер Юнайтед» 39 ұпаймен төртінші орынға жайғасты.