Ауа райы • 23 Қаңтар, 2023

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет 24-26 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс кең антициклонының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады.

Тек еліміздің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен қар жауып, жел күшейеді. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда тұман күтіледі.