Қоғам • 24 Қаңтар, 2023

Банк қызметкерлері 255 миллион теңгені жымқырған

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Степногорск қаласында банк директоры мен кассир 255 миллион теңге ұрлаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Банк қызметкерлері 255 миллион теңгені жымқырған

Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022 жылғы желтоқсанда Степногорск қаласында орналасқан банктердің бірінің бөлімшелерінде жүргізілген жоспарлы тексеру барысында аса ірі көлемде банк қаражатының жетіспеушілігі анықталған. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша соталды тергеу басталған.

«Полиция осы деректі тексеру аясында қалалық филиал директоры мен кассирдің 2022 жылдың қараша-желтоқсан айлары аралығында 255 684 400 теңгені заңсыз иемденіп, жымқырғанын анықтады. Күдіктілер жоғарыда аталған соманы бір ай ішінде қылмыстық схемаларды әзірлемей және есептерді бұрмалау әрекеттерінсіз кассадан өндіріп алған», деді полиция.

Тергеу жалғасып жатыр.
 
 
 
Гүлшахра САНСЫЗБАЙ