
«VITA» іздеу жасағы еріктілерінің мәліметінше, Инара Ахмет 19 жаста. Ол 24 қаңтар күні сағат 10.00-де Сұрағанов көшесі, 11 үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, қайтып оралмаған. Оның бойы 140 см, дене бітімі орташа, қоңыр көзді, шашы қара қоңыр.
Үстінде сары түсті қысқа күртеше, қою көк түсті шалбар, ақ тымақ және қара етік киген.