Оқиға • 25 Қаңтар, 2023

Атырау облысында екі адам көмірқышқыл газынан қайтыс болды

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысы Мақат ауданы Доссор ауылында екі адам көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болды. Қала маңындағы Томарлы ауылынан тағы үш адам уланып ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысында екі адам көмірқышқыл газынан қайтыс болды

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға Мақат ауданы Доссор ауылында болған. Онда екі қабатты үйдің пәтерлерінің бірінен 1977 және 1976 жылы туған ер адамдардың мәйіттері табылды. Екеуі де көмірқышқыл газынан уланған.

Тергеу барысында қайғылы оқиғаға көгілдір отынмен жұмыс істейтін жылыту пешін пайдалану ережесінің бұзылуы себеп болғаны белгілі болды.

Атырау қаласының іргесіндегі Томарлы ауылында түнде үш адам көмірқышқыл газына уланып қалған. Ауруханаға 46 жастағы ер адам мен әйел, сондай-ақ 13 жастағы жасөспірім жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше