Хоккей • 25 Қаңтар, 2023

Елордалық «Барыс» «Северстальмен» кездеседі

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Барыс» хоккей клубы өз алаңындағы кезекті ойынын «Северстальмен» өткізеді. Екі команда да плей-офф кезеңіне шығу үшін тартысқа түседі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордалық «Барыс» «Северстальмен» кездеседі

«Барыс» хоккей клубының баспасөз қызметі хабарлағандай, қарсылас команда соңғы турда өз алаңында Минскінің «Динамосынан» басым түсіп, жеңіліс сериясын үзді. Қақпашы Дмитрий Шугаев қақпаға бағытталған 34 соққыны қағып алды.

«Северсталь» 54 матчтан 54 ұпай жинады. Команданың үздік бомбардирі – қорғаушы Робин Пресс. «Барысқа» қарсы ойынға бір күн қалғанда Даниил Пыленков пен Михаил Тихонов жарақат алғандардың тізіміне еніп қалды.

«Астана Орал турын жақсы өткізді, мүмкін болатын алты ұпайдан бес ұпай жинады. Дүйсенбі күні «Барыс» Магнитогорскіде «Металлургтен» қосымша уақытта жеңіліп қалды (1:2). «Барыстың» 56 кездесуден кейін 53 ұпайы бар», делінген хабарламада.

Тұрақты маусымда «Северсталь» мен «Барыстың» алғашқы кездесуінде Ресей хоккейшілері 5:2 есебімен жеңіске жеткен еді.

«Барыс Аренадағы» кездесу елорда уақытымен сағат 19:30-да басталады. Тікелей трансляция Qazsport телеарнасынан көрсетіледі.