Елордада «AMANAT» партиясы «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында «Ұрпаққа аманат» қоғамдық дәрісін өткізіп жатыр. Ұлтымыздың көрнекті тұлғаларын ұлықтауға арналған іс-шара бүгін Қайым Мұхамедханов атындағы № 90 гимназияда бастау алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл алаш ардақтылары Шәкәрім Құдайбердіұлы мен Мәшhүр Жүсіп Көпейұлының туғанына 165 жыл және Мағжан Жұмабаев пен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірге келгеніне 130 жыл толып отыр. Осыған орай партия тарихи-танымдық іс-шара ұйымдастырып, оған танымал ғалымдар, тарихшылар, қаламгерлер және жастар қауымы қатысты.
«Төл тарихынан алыстаған адам өз тамырынан ажырайды. Сондықтан өскелең ұрпақ үшін бұл іс-шараның айрықша мәні мен маңызы бар. Біз бүгін ел тарихында ерекше орын алатын алып тұлғалардың өнегелі өмірі мен еселі еңбек жолын еске алып отырмыз. Олардың есімі әр отандасымыздың жадында жаңғырып тұруы тиіс», деді тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаев.
Ал белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Астана қалалық филиалының төрағасы Дәулеткерей Кәпұлы бұл аса маңызды бастама екенін жеткізіп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
«Ұлт қайраткерлерін ұлықтау, өткенді ұмытпау тек партияға артылған жүк немесе борыш емес. Кейінгі ұрпақтың, келешек жастардың көңіл көкжиегін кеңейтетін осындай келелі іс-шаралар жиі-жиі ұйымдастырылып, тарихи-танымдық әңгімелер ұдайы айтылып отыруы тиіс. Жас буын ұлтымыздың әдебиетін, мәдениетін өрге сүйреген заңғар тұлғалардың шығармашылығынан нәр алып, өмірін үлгі ете білуі қажет. Ең бастысы, олардың соны туындыларын мерейлі жылында ғана емес, әрдайым іздеп жүріп оқу керек», деді Дәулеткерей Кәпұлы.
Өз кезегінде, «AMANAT»-тың Саяси жұмыс департаменті директорының орынбасары Еркебұлан Жаулыбаев бұл бастама тарлан тарихымызды, тұғырлы тұлғаларымызды, мәдениетіміз бен руханиятымызды насихаттау бағытында партия қолға алған алғашқы іс-шара емес екенін атап өтті.
«AMANAT» партиясының Саяси тұғырнамасында тарихымызды дәріптеу, руханиятымызды жаңғырту бағытындағы бастамаларға үнемі қолдау көрсетілетіні, алаш арыстарының ұлы мұраты үнемі үлгі-өнеге болатыны анық жазылған. Соның бір дәлелі ретінде, былтыр партия отандастарымыздың жан азығына айналған «Бабалар аманаты», «Алтын домбыра», «Тәуелсіз елім – тірегім» республикалық ақындар айтысын, жас қаламгерлерді қолдау мақсатында Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына және жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауын өткізді. Осы бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасады», деді Еркебұлан Жаулыбаев.
Сондай-ақ іс-шара барысында ақын, «Мәдениет порталы» ЖСШ-ның құрылтайшысы Бауыржан Қарағыз, ақын, «Отан сақшысы» газетінің редакторы Рауан Қабдолда жырдан шашу шашып, ортаға орамды ой тастады.
«Мектебіңіз қазақтың жанына жақын болған кезде ғана біз болашақ үшін аянбай серттесе аламыз» дейді Мағжан Жұмабаев. Яғни, қазақтың жанына жақын мектеп қалыптастыру – алаш арыстарының аманаты. Біз осы жолда жұмыс істеп жатырмыз. Тіпті бұл бағыттағы мектепішілік бірқатар маңызды жобаларымыз да бар. Шәкірттеріміз бүгінгі іс-шарада есімі ерекше айтылып отырған тұлғалардың сөзінен өнеге, тәлім-тәрбие алып келеді», деп түйіндеді аталған білім ошағының директоры Аятжан Ахметжанұлы.
Алдағы күндері дәріс Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясында және Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінде жалғасады.
Қоғамда «Цифрлық аутизмге» шалдыққандар көбейіп келеді - сенатор
Пікір • Бүгін, 13:20
Бүгін - Қазақстан мен Еуропалық Одақ дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан күн
Қазақстан • Бүгін, 13:05
Жаңа заң жұмысшылардың құқығын қорғауға тың серпін береді
Саясат • Бүгін, 12:53
Елімізге сапасыз дәрі-дәрмектің келуін қадағалау керек - сенатор
Саясат • Бүгін, 12:43
ОСК Қазақстандағы халықаралық байқаушыларды тіркеуді бастады
Сайлау • Бүгін, 12:33
Түркістан облысында көшелер мен аулаларды су басты
Аймақтар • Бүгін, 12:27
Алматыда мемлекеттік қызметтің 96%-ы цифрлы форматта көрсетіледі
Технология • Бүгін, 12:15
DIGITAL ALMATY 2023 форумына 17 мың адам тіркелді
Қоғам • Бүгін, 12:11
Digital Almaty: криптобиржалардың даму перспективалары талқыланды
Қоғам • Бүгін, 12:01
Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионы атанды
Хоккей • Бүгін, 11:45
Латвия мен Қазақстан арасында жүк тасымалы артты
Қазақстан • Бүгін, 11:40
Алматыда екі автобус соқтығысты
Аймақтар • Бүгін, 11:33
Алматының «цифрлық егізі» күзде құрылады - Ерболат Досаев
Аймақтар • Бүгін, 11:32
Сенат спикері Гүлмира Кәрімованың туған-туыстарына көңіл айтты
Парламент • Бүгін, 11:25
Түркістанда жасөспірімдерге қатысты 400-ге жуық құқық бұзушылық анықталды
Қоғам • Бүгін, 11:13
Еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасы бекітілді
Қазақстан • Бүгін, 11:03
ШҚО-да су тасқыны кезеңіне дайындық басталды
Қоғам • Бүгін, 10:53
KMG Kashagan B.V. бас директоры тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:41
Алматыда DIGITAL ALMATY 2023 форумы басталды
Қоғам • Бүгін, 10:25
Қазақстан елшісі Литва Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Қазақстан • Бүгін, 10:16
Екібастұзда жылу желісінің үш учаскесі жөнделіп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 10:06
Шымкентте төбелес ұйымдастырмақ болғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 09:59
Мемлекет меншігіне 5,3 млрд теңгенің мүлкі өтті
Қоғам • Бүгін, 09:48
Қазақстанда бір тәулікте 62 адам коронавирус жұқтырған
Коронавирус • Бүгін, 09:39
Қырғызстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді
Әлем • Бүгін, 09:25
БҚО-да пиязды экспорттамақ болғандар анықталды
Қоғам • Бүгін, 09:16
2 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:02
Қазақстан • Бүгін, 08:58
Қоғам • Бүгін, 08:55
Аграрлық университет әділет жолында
Білім • Бүгін, 08:52
Ерте қамданғанның есесі кетпейді
Төтенше жағдай • Бүгін, 08:50
Сұранысқа сай маман даярлау қажет
Қоғам • Бүгін, 08:45
Кәсіпкер • Бүгін, 08:40
Музей • Бүгін, 08:35
Футбол • Бүгін, 08:30
«Ақ жол» үміткерлерін анықтады
Қоғам • Кеше
Пікір • Кеше
Саясат • Кеше
Азық-түлік одақтары отандық өндірушілер бағдарламасын қолдай ма?
Экономика • Кеше
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар