Қоғам • 25 Қаңтар, 2023

Халықаралық тәжірибе алмасу

597 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Вашингтонға жұмыс сапары шеңберінде жетекші халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Қазақстан елшілігінің алаңындағы сындарлы диалог аясында спикерлер тұрмыстық зорлық-зомбылық пен азаптаудың алдын алу, сөз бостандығы құқығы және саяси партияларды тіркеу мәселесін көтерді.

Халықаралық тәжірибе алмасу

Жаһандық жиынға Freedom Now, Amnesty International, Solidarity Center, International Republican Institute, World Justice Project, National Democ­ratic Institute және өз қыз­ме­тін Қазақстанда жүзеге асы­ратын басқа да бірқатар үкімет­тік емес ұйым қатысты. Тараптар ұлттық институттарды одан әрі дамытуға және олардың әлеуетін нығайтуға бағытталған халықаралық және өңірлік құқық қорғаушының өзекті мәсе­лелерді шешу бойынша өзара іс-қимыл жолдарын тал­қы­лады. Уәкіл үкіметтік емес сектор өкілдерін елде жүр­гізіліп жатқан Адам құқық­тары жөніндегі уәкіл және Конс­титуциялық сот туралы заңдарда қабылданған конституциялық реформа туралы хабардар етті. Бұған қоса омбудсменнің рөлі, оның мәртебесі, тәуелсіздігі мен оған қол сұғылмаушылық кепілдігінің күшейтілгенін атап өтті.

Артур Ластаев Қазақстанда адам құқықтары жөніндегі уәкілдің аумақтық өкілдерінің тармақталған желісі жұмысы­ның басталғанын айтты. Құ­ра­мына құқық қорғаушы ұйым­дардың, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдардың басшылары кіретін уәкілдің жанындағы үйлестіру кеңесінің қызметін атап өтті. Кездесуді басқосудың құқық қорғаушы қызметтің тиімділігін барынша арттыру үшін маңыздылығымен қорытындылады.

Сондай-ақ бұған дейін Ан­карада «ХХІ ғасырдағы адам құқықтарының болашағы» атты алаңда әлемнің 30 елінің спикерлері басқосқан еді. Халықаралық конференцияға Әзербайжан, Италия, Қатар, Моңғолия, Пәкістан, Палестина, Ресей, Өзбекстан, Украина, Оңтүстік Африка Республикасы және Шығыс Еуропа, Оңтүстік Азия мен Батыс Африканың өзге де мемлекеттері қатысты. Оларды Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған және түрік бас омбудсмені Шериф Малкоч қарсы алды.

Конференция аясында Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Артур Ластаев Түркия, Ресей Федерациясы және басқа да бірқатар елдің омбудсмендерімен екіжақты келіссөздер мен консультативтік кездесулер өткізді. Онда құқық қорғаушы құндылықтарын ілгерілету саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Панельдік отырыста Артур Ластаев елдегі өзгерістерден бөлек, қоғамнан уақытша оқшауланған жерлерде адам құқықтарын бұзудың алдын алу бойынша қабылданып жатқан жоғары технологиялық шешімдермен таныстырды.

– Жабық мекемелерді үздік­сіз бейнебақылау жүйесімен толықтай қамту, мекеме әкім­­шілігінің бақылауынан тыс қадағалау органдарына өті­ніштер беру үшін элек­трон­дық терминалдарды енгізу, онлайн сот отырыста­ры, адвокаттармен, Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларымен және туыстарымен онлайн кездесулер, қашықтан пробациялық бақылау құралдары енгізіл­мекші. Сонымен қатар цифр­ландыру аясында бас бостан­дығынан айыру орындарында электрондық үкіметтің қызметтері кезең-кезеңімен іске қосылады, – деді ол.

Интерактивті диалогте Адам құқықтары жөніндегі уә­кіл жан-жақты форматтағы құ­қық қорғаушының қызметі жайлы пікір алмасуға және озық тәжірибемен бөлісуге ашықтығын білдірді.

Айта кетейік, Адам құқық­­тары жөніндегі уәкіл БҰҰ Даму бағдарламасымен ынты­мақтастық бағ­дар­ламасына түзетулер ен­гіз­ді. Ол үшін БҰҰ Даму бағ­дарламасының Қазақстан­дағы Тұрақты өкілінің мін­де­тін атқарушы Сухроб Ход­жи­матовпен жүздесті. Тарап­тар конституциялық рефор­ма контексіндегі адам құқық­тары саласындағы ұлттық заңнаманың соңғы өзгерістерін ескере отырып ынтымақтастық бағдарламасын түзету және БҰҰ ДБ мен ел Үкіметінің гранттары шеңберіндегі одан әрі бір­лескен жобалардың басымдықтарын сөз етті. Өз кезегінде С.Ход­жиматов ұлттық құқық қор­ғаушы институттың бастамаларын қолдауға дайын екенін жеткізді.