Тағайындау • 26 Қаңтар, 2023

Сұлтанбек Мәкежанов Сенаттың Қаржы және бюджет комитетін басқарады

372 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сұлтанбек Мәкежанов Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сұлтанбек Мәкежанов Сенаттың Қаржы және бюджет комитетін басқарады

Сұлтанбек Мәкежанов 1961 жылы 26 қаңтарда туған.

1983 жылы – Целиноград инженерлік-құрылыс институтын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша бітірген.   2004 жылы – Халықаралық еңбек академиясын бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты. 

1983 жылы – Талды аудандық автожолда жол шебері. 

1983-1985 жылдары - инженер-геодезист, мастер ПМК треста «Қарағандыөнеркәсіпқұрылыс» ӨМК тресінде шебер.

1985-1986 жылдары – Алматы теміржолында комсомол комитетінің хатшысы. 

1986-1989 жылдары - Совет аудандық комитетінің бөлім меңгерушісі.

1989-1990 жылдары - «Интернационалист» МЖК инженері.

1990-1991 жылдары - «Халык қазынасы» ШК төрағасының орынбасары.

1991-1992 жылдары - жастарды әлеуметтік қорғау «Жастар» қоры кеңесі төрағасының орынбасары.

1992-1993 жылдары - «Саян» ЖШС директоры, «Астана-Холдинг банк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

1993-1998 жылдары - «Қазақинвест» корпорациясының вице-президенті.

1998-2001 жылдары - «Аэлита» БК-да бөлім басшысы.

2001-2002 жылдары - «Сириус» ЖШС, «Аэлита» БК директоры.

2002 жылдың маусым-желтоқсаны – Маңғыстау облысы әкімінің көмекшісі. 

2002-2004 жылдары – Маңғыстау облысы әкімі аппаратының жетекшісі. 

2004-2005 жылдары - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары. 

2005-2006 жылдары – Алматы қаласы әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары, Алматы қаласының табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті директоры. 

2008-2010 жылдары - Алматы қаласының табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы.   

2010 жылдың желтоқсаны – 2016 жылдың мамыры – Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі.

2016 жылдың мамыры – 2019 жылдың сәуірі – Алматы қаласы әкімінің орынбасары, 

2019 жылдың 8 сәуірінен – Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі.

Сайланған қызметтері, депутаттығы:

2020 жылдың тамызынан - Алматы қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.  

Басқа қызметтері:

2004-2005 жылдары - «Отан» Маңғыстау облыстық партиясы филиалының төрағасы.

2011 жылы -  «Нұр Отан» ХДП Медеу аудандық филиалының төрағасы