Құзырлы органдар бұл ақпаратты тексерді. Әйелдің туыстары оны өз күштерімен іздеп табуға тырысқан. Тек 16 қаңтар күні олар аудандық полиция бөліміне жүгінген.
Ақыры жоғалған қыз Петропавл қаласынан табылды. Полицейлер одан жауап алып, табылғаны туралы туыстарына жеткізді.
Оның мұндай әрекетке не себепті барғаны әлі анықталып жатыр.