Қоғам • 26 Қаңтар, 2023

Астанада жүргізуші баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада жүргізуші 8 жастағы қызды қағып, оқиға болған жерден ізін суытқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада жүргізуші баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

«38 жастағы Audi көлігін тізгіндеген жүргізуші Қосалқы көшесінде, Аманат көшесіне қарай бағыттағанда жаяу жүргіншілер жолында  өтіп бара жатқан 8 жастағы қызды қағып кеткен. Жүргізуші қыздың өзі тұрып кеткеніне көз жеткізген соң, оқиға орнынан ізін суытқан. Дәл осы кезде оқиға куәгері қызды ауруханаға апарған. Зардап шеккен балаға медициналық көмек көрсетілген. Қала тұрғыны қыздың ата-анасына хабарласқан. ЖКО салдарынан бала дене жарақатын алған», деді Астана ПД баспасөз қызметінің басшысы Эльмира Шауленова.

Полицейлер жүргізушіні тауып,тергеу жүргізіп жатыр. 

Астана полиция департаменті жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден жолдарда өте мұқият болуды және жол қозғалысы ережелерінің талаптарын қатаң сақтауды сұрайды. Полицейлер жүргізушінің өзі қатысқан ЖКО орнын қалдыруы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді. 

 

Гүлшахра САНСЫЗБАЙ