Экономика • 27 Қаңтар, 2023

Инвестициялық табыс

438 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтау­шы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтары­ның сомасы 14,7 трлн теңге болды. Жыл қорытындысында Ұлттық банк пен инвестициялық портфельді басқарушылар қамтамасыз еткен инвестициялық кіріс шамамен 914,4 млрд теңгені құрады. Ұлттық банктің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 6,55 пайызға тең.

Инвестициялық табыс

2022 жылы халық­ара­лық инсти­ту­ционалдық инвес­тор­лардың көбі, оның ішінде зей­нет­ақы қорлары ак­тивтерді бас­қарудың теріс нәти­желеріне ұрынып, әлемдегі жағым­сыз мак­ро­эконо­микалық ахуал салдары­нан ай­тарлықтай шығын­ға ұшырады. Ал Ұлттық банк но­миналды мәнде зейнетақы актив­тері­нің оң кірістілігін көрсетті.

Бұған дейін сан мәрте айтыл­ған­дай, зейнетақы активтері ұзақмерзімді инвестициялық сипат­қа ие. Сәйкесінше, ин­вес­тиция­лау­дың негізгі мақсат­тарының бірі – зейнетақы жинақтарының сақталуы және ұзақмерзімді кезеңде нақты табыс алу. Сондықтан кірістілік пен инфляция көрсеткіштерін ұзақ мерзімде қарастырған жөн.

Ұзақмерзімді перспективада зейнетақы жинақтарының оң сипаттағы нақты (жинақталған инфляциядан асатын) табысты­лығы қамтамасыз етіледі. Жинақ­таушы зейнетақы жүйе­сінің негізі қаланған 1998 жылдан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейінгі инвестициялық кірістілік өспелі қорытындымен бірге осы кезеңдегі инфляция 678,06 пайыз болған кезде 732,29 пайызды көрсетті.

Ұлттық банктің барлық зей­нетақы активтерін БЖЗҚ-да шоғырландыру аяқталған 2014 жылдан бері қамтамасыз еткен табысы 6,9 трлн теңгені құрады.

Елдегі инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы жарна­ларының міндетті түрлері­нің сақталуына бірегей кепіл­дік­тің қолданылатынын еске сала кетейік. Жекелеген кезең­дегі кірістіліктің төмендеуі салым­шының төлем құқығы басталған кезде жинақталған кірістілігіне әсер етсе де, айырмашылықты мем­ле­кет өтейді. Зейнетақы актив­терін инвестициялық басқару мен есепке алудың бүкіл жүйесі ашық екенін ұмытпайық. Әрбір салымшы enpf.kz сайтындағы жеке кабинет немесе мобильді қосымша арқылы өзінің инвестициялық табысын тексере алады.