Әлем • 27 Қаңтар, 2023

Антарктидада ірі көлемдегі айсберг жарылды

439 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Антарктидада ірі көлемді айсберг Брант мұз қайраңынан бөлінді, деп хабарлайды  Egemen.kz Euronews.com сайтына сілтеме жасап.

Антарктидада ірі көлемдегі айсберг жарылды

Бірнеше жыл бойы ғалымдар мұздың 150 метрлік қалыңдығында жарықтар пайда болғанын байқады. Ол биыл 22 қаңтарда толықтай бөлінді.

1500 км2-ден астам алып мұздық климаттың өзгеруіне тікелей байланысты емес және теңіз деңгейінің көтерілуіне әсер етпейді.

Брант мұз қайраңында британ Halley зерттеу станциясы орналасқан. 2016 жылы қауіпсіздік мақсатында ол «Тұңғиық 1» бөлігінен 23 шақырым жерге ауыстырылды.

 

 Гүлшахра САНСЫЗБАЙ