Мәскеуде өтіп жатқан «Шахмат жұлдыздары» атты халықаралық турнирде блицтен екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева рапидте бәсекенің басты фавориті Сергей Карякинді жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz

Ресейлік Сергей Карякин – әлемдегі ең мықты гроссмейстердің бірі. Қазіргі уақытта оның 2 739 ұпайы бар.
Турнир комментаторларының айтуынша, Бибісараның блицтен әлем чемпионы атанғаны бекер емес. Ол Сергейді өзінің салқынқанды ойынымен жеңген.
Екі мықтының ойыны мазмұны жағынан да, тиімділігі жағынан да турдың сәнін келтірді. Бибісара бұған дейін сұхбаттарында осы турнирде Сергей Карякин мен Теймур Раджабовпен ойнағысы келетінін бірнеше рет айтқан еді.
Өз кезегінде ресейлік гроссмейстер мұндағы жалғыз жеңілісінен ұялмайтынын мәлімдеді.
«Мен өте жақсы ойнайтын әлем чемпионынан ұтылдым», деді Карякин.
Жарыстың жүлде қоры – 15 миллион рубль. Қазір мұнда әлемдегі ең мықты шахматшылар шеберлік байқасып жатыр. Олардың қатарында Бибісара Асаубаева, Сергей Карякин, Александр Грищук, Теймур Раджабов, Раунаку Садвани, Франсиско Вальехо, Владислав Артемьев, Екатерина Лагно және басқалары бар.
Гүлшахра САНСЫЗБАЙ
Александр Бублик Майами мастерс турнирінде жеңіліп қалды
Спорт • Бүгін, 12:12
Үндістанда пиротехника фабрикасындағы жарылыстан 8 адам көз жұмды
Әлем • Бүгін, 12:02
Бүгін елордада Қазақстан – Словения матчы өтеді
Спорт • Бүгін, 11:22
Банкноттарын заңсыз айырбастаған әйел Қазақстанға экстрадицияланды
Қоғам • Бүгін, 11:17
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 10:56
Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Оразаның басталуымен құттықтады
Қоғам • Бүгін, 10:40
Ұқсас жаңалықтар