Қоғам • 27 Қаңтар, 2023

«ҚазМұнайГаз» шетелдік активтерінің тиімділігін арттырады

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26-27 қаңтар күндері «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Румынияның Бухарест қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«ҚазМұнайГаз» шетелдік активтерінің тиімділігін арттырады

Сапар барысында компания басшысы жергілікті үкіметтік топтармен бірқатар кездесу өткізіп, KMG International компаниясының Румыниядағы бизнесін дамыту перспективаларын талқылады.

Ал KMG International басшылығымен өткізген кеңесте М.Мырзағалиев компанияның 2022 жылғы операциялық және қаржылық нәтижелерін талқылады.

Ол сондай-ақ Petromidia мұнай өңдеу зауытының өндірістік нысандары мен басқару орталығына, сондай-ақ Rompetrol брендімен жұмыс істейтін жанармай құю станцияларына барды.

«Еуропадағы күрделі геосаяси ахуал кезінде ҚМГ Румыния нарығына мұнайдың бірден-бір сенімді жеткізуші болып, елдің энергетикалық қауіпсіздігіне елеулі үлес қосып отыр. Біз шетелдік активтеріміздің тиімділігін арттыруды көздейміз», деп атап өтті ҚМГ Басқарма төрағасы кеңес барысында.

ь

Сонымен қатар М.Мырзағалиев KMGI компаниясының өз ішінде электр энергиясы мен бу өндіру үшін салып жатқан COGEN электр энергиясы мен жылуды (ЖЭО) аралас өндіретін электр стансасының құрылыс алаңына барды. ЖЭО құрылысы электр қуаты мен буға кететін шығынды азайтуға, мұнай өңдеу зауытына электр және будың үздіксіз және сапалы жеткізілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Электр энергиясының артық мөлшері Румынияның Ұлттық желісіне сатылуы мүмкін.

Айта кететіні, COGEN ЖЭО құрылысы 2013 жылы KMGI мен Румыния үкіметі арасында жасалған өзара түсіністік туралы меморандум бойынша KMGI міндеттемелерін орындау мақсатында құрылған қазақ-румын инвестициялық қорының шеңберінде іске асырылып жатыр.