«BMW көлігінің жүргізушісі Сүйінбай даңғылы бойымен оңтүстік бағытта келе жатқан. Ол рульді басқара алмай, ағашқа соқтығысқан», деді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
2004 жылы туған көлік жүргізушісі ауыр жарақат алған. Оны жедел жәрдем 4-қалалық ауруханаға жеткізді. 17 жастағы жолаушы алған жарақаттарынан көз жұмды.
Алматы қалалық полиция департаменті тергеу жұмыстарын бастады.