Бокс • 27 Қаңтар, 2023

Бокстан АЧ: Әскер боксшылары «алтын» және «қола» жүлде алды

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таиланд астанасы Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгі бокстан Азия континентінің чемпионатында Орталық спорт клубының былғары қолғап шеберлері сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бокстан АЧ: Әскер боксшылары «алтын» және «қола» жүлде алды

57 келіге дейінгі салмақтағы Қарулы күштердің қызметкері Махмұд Сабырханға ақтық сында таиландтық Саравут Суктхет шықты. Төрешілердің шешімімен жеңіс Қазақстан спортшысына беріліп, боксшымыз Азия чемпионы атанды.

Мерзімді қызметтегі сарбаз Талғат Сырымбетов пен тай боксшысы Родсук Футханет 60 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда кездесті. Жекпе-жектің алғашқы секундтарында былғары қолғап шебері қарсыласын нокдаунға жібергенмен, сайыс соңында үш раундтың қорытындысы бойынша ақтық сайысқа жолдама тай спортшысына берілді. Осылайша, Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының әскери қызметшісі Талғат Сырымбетов чемпионаттың қола жүлдегері атанды.