Аймақтар • 28 Қаңтар, 2023

Өзбекстан азаматынан психотроптық заттар тәркіленді

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында есірткі тасымалымен айналысқан Өзбекстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Өзбекстан азаматынан психотроптық заттар тәркіленді

Мәлімет бойынша, Түркістан облысының Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің 102 арнасына ҚР ҰҚК Шекара қызметінен есірткі тасымалдау дерегі бойынша хабарлама келіп түскен.

«Жібек жолы» өткізу пунктінде қызметтік итті пайдаланған шекаралық наряд Өзбекстан азаматын ұстаған. Тексеру кезінде азамат киімінің қалтасында шамамен 2 грамм болатын есірткі заты бар екенін мойындайды.

Ал тінту жүргізген полицейлер күдіктінің сырт киімінің қалтасынан ішінде есірткіге ұқсас заты бар екі пакетті тапты. Зерттеу қорытындысына сәйкес пакеттің бірінде салмағы 0,2 грамнан асатын психотроптық заты бар екендігі анықталды. Ал келесісінде салмағы шамамен 0,04 грамм болатын героин екені расталды.

Қазіргі уақытта осы жайт бойынша ҚР ҚК-нің 286-бабының 2-бөлігі «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.