Елордадағы әуежайда Астана-Шымкент бағытындағы рейстің жолаушысы қауіпсіздік ережелеріне бағынбағаны үшін ұшақтан түсірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана әуежайындағы желілік полиция бөліміне 27 қаңтарда Qazaq Air әуекомпаниясының өкілдерінен Астана-Шымкент бағытындағы рейстің жолаушысына қатысты шара қабылдау туралы хабарлама түскен. Құқықбұзушы акт бойынша көлік полицейлеріне берілді.
Тексеру барысында полицейлер масаң күйінде болған және ұшақ бортындағы қауіпсіздік ережелеріне бағынбаған Шымкент қаласының 55 жастағы тұрғынын анықтады. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, ол «жеңіл дәрежелі» алкогольдік масаң күйінде болған.
Ер адамға қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі (алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келу), ҚР ӘҚБтК-нің 566-бабы 1-бөлігі (әуе кемесінде мінез-құлық қағидаларын бұзу) бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылып, 8 айлық есептік көрсеткіш (27 600 теңге) мөлшерінде айыппұл салды.
Александр Бублик Майами мастерс турнирінде жеңіліп қалды
Спорт • Бүгін, 12:12
Үндістанда пиротехника фабрикасындағы жарылыстан 8 адам көз жұмды
Әлем • Бүгін, 12:02
Бүгін елордада Қазақстан – Словения матчы өтеді
Спорт • Бүгін, 11:22
Банкноттарын заңсыз айырбастаған әйел Қазақстанға экстрадицияланды
Қоғам • Бүгін, 11:17
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 10:56
Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Оразаның басталуымен құттықтады
Қоғам • Бүгін, 10:40
Ұқсас жаңалықтар