Ғылым • 30 Қаңтар, 2023

Жасанды интеллект зертханасы ашылды

420 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Тұран» университеті мен академик Ө.Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтының «Жасанды интеллект және робототехника R&D-зертханасы» бірлескен ғылыми-зерттеу орталығы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жасанды интеллект зертханасы ашылды

Ғылыми-зерттеу зертханасын ашудағы мақсат робототехника саласындағы ғылыми-зерттеу институттарының заманауи шешімдерін университеттердің оқу үдерісімен ықпалдастыру және ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту, жасанды интеллект технологияларын, өнеркәсіпті автоматтандыру, заманауи құрал-жабдықтар тілін игеру,  сондай-ақ бірлескен ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізіп, әзірлемелердің нәтижелерін коммерцияландыру.

Заманауи платформада роботты жүйелер мен интеллектуалдық мүмкіндіктері таныстырған мамандар төмендегі жетістіктерге назар аударды.

Механика және машинатану институты әзірлеген 5 мобильді роботты қамтитын сервистік медициналық роботтар кешені, жоғары интеллекті мобилділікті қамтиды. Көлік роботы, тазалаушы серігі бар дезинфекциялық робот, палаткаларда науқастарға қызмет көрсетуге арналған дауыстық функциясы бар робот көмекшісі, COVID сынағын алуға арналған роботты жинақтағышы бар кобот-сынама, сондай-ақ дезинфекциялық сұйықтықты дайындауға арналған микрореактор жүйесі және роботтехникалық кешендердің орталық басқару құрылғысының тиімділігі зор.

щ

Сонымен қатар басқару жүйелерін бағдарламалауға және роботтардың жасанды интеллект алгоритмдерін құруға арналған түпнұсқалық манипуляторлары бар 5 оқу робот-стимуляторының кешенінің де қамту аясы кең. Кешен жеке роботтардың, сондай-ақ өндірісте автоматтандырылған роботтандырылған желілер үшін әмбебап құрылғы.

Машина механикасы және робототехника саласындағы электронды мультимедиялық оқулықтар кешені студенттерге жаңа ақпараттарды зерттеуге және құрылымдауға көмектеседі. Оқулықта мультимедиялық кешенді пайдалана отырып, бейнедәрістер курсы қамтылған.

ж

Зертхана мүмкіндіктері студенттер үшін жасанды интеллект мүмкіндіктерін жылдам игеріп, робот техникасының тілін игерумен қатар, адамзат игілігі жолында іске асатын жобаларда пайдалануға зор мүмкіндіктер ашады.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20