Үкімет • 30 Қаңтар, 2023

Ертең елордада Үкімет отырысы өтеді

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

31 қаңтар күні сағат 10.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ертең елордада Үкімет отырысы өтеді

Күн тәртібінде кәсіпкерлік қызметті «таза парақтан» реттеуді іске асыру барысы, 2022 жылдың II жартыжылдығында орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесу қорытындылары айтылады.

Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter әлеуметтік желілерінен көруге болады. Сондай-ақ онлайн-трансляция UKIMET Telegram-каналында жүреді.