Қоғам • 31 Қаңтар, 2023

Кәсіпкерлерге кедергі болатын артық талаптар қаралады

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлихан Смайылов бизнеске қойылған басы артық талаптарды жоятын заң жобасын екі апта ішінде Үкіметке енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Кәсіпкерлерге кедергі болатын артық талаптар қаралады

Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтан бизнеске қойылған басы артық талаптарды жою үшін не істеліп жатқанын сұрады.

«Заң жобасы жалпы 66 жобаға түзету енгізеді. Қазіргі таңда осы заңға енгізілетін түзетулерді жинап жатырмыз. Осы аптаға дейін біздің барлық мемлекеттік органдар өз ұсыныстарын бізге жіберсе, жақын арада бір аптаның ішінде ұсыныс енгіземіз. Оған дейін біз оны «Ашық НҚА» порталына шығарамыз», деді министр.

Әлихан Смайылов бұл жұмысты екі аптаның ішінде тындыруды тапсырды.

«Осы аптаның аяғына дейін барлық мемлекеттік органдар барлық заңнамаға енгізетін ұсыныстарын Ұлттық экономика министрлігіне беру керек. Ал министрлік келесі аптаның басынан бастап, екі апта мерзімінде Үкімет аппаратына заң жобасын енгізуі қажет. Оны тездетіп қабылдауымыз керек», деді Үкімет басшысы.

 

Гүлшахра САНСЫЗБАЙ