«LRT жобасы менің құзыретіме жатпайды, мен оны қадағаламаймын. Бұл әкімдік мәселесі. 2022 жылдың қорытындысы бойынша, біз тоқтап қалған құрылысты біршама алға жылжыттық деп айтуға болады. Бұл жобаға шамамен 50 млрд теңге бөлінді. Қала әкімдігі қазірдің өзінде жұмыстарды жалғастырып жатыр», деді А. Көлгінов.
Ол қыста құрылыс қарқыны төмендейтінін атап өтті.
«Мұндағы ең бастысы, бөлінген қаражат бақылауда. Қытай консорциумына қарыздар болған. Олардың жартысы жабылды. Сондай-ақ жылжымалы құрам үшін ақы төленді, жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл жобаны аяқтау керек», деп түйіндеді ол.
Айтолған ЖҮНІСХАН,
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенті