«27 қаңтарда Камзин көшесінде тұратын үй иесінде атыс қаруын сақтау ережелерін бұзу фактісі анықталды. Қаруды сақтауға арналған сейфте қала тұрғыны бөгде заттарды да сақтаған. Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», деді Павлодар облысы Ақсу қаласы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Темірбек Шаудыров.
Оның айтуынша, ТОЗ-34 және Мозберг маркалы мылтықтары тәркіленген.
Барлығы екі күн рейдтік іс-шараларды өткізу барысында полиция қызметкерлері 58 құқық бұзушылықтың жолын кесті, барлық құқық бұзушылар жауапқа тартылды.