Елорда • 31 Қаңтар, 2023

Президент: Көлік тұрағы болмаса, бір де бір үй салынбауы керек

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанда салынып жатқан көлік тұрағы жоқ үйлерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент: Көлік тұрағы болмаса, бір де бір үй салынбауы керек

«Тағы бір маңызды мәселе – көлік тұрағы жоқ үйлердің көптеп салынуы. Қазір жұрт балаларын сыртқа шығарудан қорқады. Өйткені ауланың бәрі автокөлікке толып тұр.

Бұдан былай көлік тұрағы болмаса, бір де бір үй салынбауы керек. Жалпы, ашық алаңда орналасқан автотұрақтар ақылы болуы керек. Әйтпесе, осындай келеңсіз жағдайлар жалғаса береді. Үкіметке нақты шешім қабылдауды тапсырамын. Сондай-ақ Министрліктер үйінің маңында автотұрақ тапшы. Жұрт көлігін қайда қоярын білмей әуре-сарсаңға түседі. Тіпті, көліктерін жақын жердегі үйлердің ауласына қоюға мәжбүр болады», деді Президент.

Мұның тұрғындарға үлкен қолайсыздық тудыратынын айтқан Мемлекет басшысы өз ұсынысын да айтты.

«Бас прокуратура және Жусан банкі ғимаратының ортасында бос жер бар. Жоғарғы Сот ғимаратының артындағы алаң да бос жатыр. Әкімдікке осы екі жердің біріне көп қабатты жабық паркинг және жаяу адам өтетін көпір салу мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырамын», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.