Қарақастек ауылында 700 жеке тұрғын үй бар, онда 4 000-ға жуық адам тұрады.
«Өткізілген іс-шаралар барысында Талас өзенінің арнасындағы мұзды ұсақтау, тазарту, кеңейту және түбін тереңдету жұмыстары жүргізіледі. 50-ден астам адам мен 10 бірлік техника жұмылдырылды. Оның құрамында құтқарушылар, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ТЖМ 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері бар», делінген Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің таратқан ақпаратында.
Су тасқынына қарсы іс-шаралар бүкіл Алматы облысында жүргізілетін болады.