Ғылым • 01 Ақпан, 2023

Қазақстанда радиациялық модификацияланған кабельдер шығарылады

347 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Ядролық технологиялар паркі» АҚ өндірушілермен бірлесе радиациялық-модификацияланған оқшаулау қабаты бар мұнай-суасты және фотовольтаикалық кабельдердің алғашқы қазақстандық өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда радиациялық модификацияланған кабельдер шығарылады

Ғалымдар бұл өнімді шығарудың жаңа технологиясын әзірлеп, қолдану қасиеттерін жақсартты. Оның басты артықшылығы - жоғары температураға төзімділік.

ЕҰУ ғалымдары кабельдік-өткізгіш өнімдердің жаңа түрлерін жасау технологиясын ойлап тапты. Радиациялық модификацияланған оқшаулағыш қабаты бар мұнай-суасты және фотовольтаикалық кабель пайдалы қазбаларды және баламалы энергия көздерін өндіруге арналған. ЕҰУ ғалымдары шетелдік әріптестерімен бірлесе инертті ортада жоспарланған өңдеу технологиясына өзгерістер енгізіп, кабельдік өнімнің пайдалану қасиеттерін жақсартты. Бұл өндіріс әдісі біздің елде қолданылмайды.

«Кабельдік-өткізгіш өнімдерін жасайтын жергілікті өндірушілер тек оқшаулағыш қабатты пероксидті біріктіру әдісін қолданады. Біз «Қазэлектромаш» ЖШС-мен бірлесіп, Қазақстанда бірінші болып радиациялық-модификацияланған оқшаулау қабаты бар кабельдік өнімнің мұнай-суасты және фотовольтаикалық түрін шығарамыз. Бұл оқшаулағыш полимердегі гель-фракцияның құрамын арттырады және кабель-өткізгіш өнімдерінің физикалық-механикалық сипаттамаларын - ыстыққа төзімділікті (теріс және оң температураларға), агрессивті ортаға төзімділікті (сілтілі, қышқылдық орта) және радиацияға төзімділікті жақсартуға мүмкіндік береді», деп атап өтті «Ядролық технологиялар паркі» АҚ  инженер-физигі, жоба жетекшісі Азат Нұрқасымов.

ЕҰУ ғалымдары ғылыми жобаны коммерцияландыруды жоспарлап отыр. Өндіріс 2023 жылдың І жартыжылдығында іске қосылады. Бастапқы кезеңде өндірістік қуаттылық шамамен 5000 км кабельдік-өткізгіш өнімді құрайды. Бұл ретте олардың 2 мың шақырымына оффтейк-келісімшарт жасалады. Бұл осы өнімге сұранысты көрсетеді. Қазір фотовольтаикалық және мұнай-суасты кабельдерін өндірумен, модификациялаумен және отандық нарыққа BetaIzol деген атаумен шығарумен айналысатын стартап-компания құрылды.

Стт

Ғалымдар әзірлеген радиациялық-модификацияланған оқшаулау қабаты бар кабель өнімдерін өндірудің жаңа технологиясы 2023-2025 жылдарға арналған гранттық қаржыландыруға ие болды.

Бүгінде ЕҰУ ғалымдары өзін-өзі реттейтін жылыту кабелін шығарудың жаңа технологиясын әзірлеуді қолға алды. Бұл сумен жабдықтау жүйелері мен кәріз құбырларын мұздату мәселесін шешуге, сондай-ақ ғимараттардың шатырларына ешбір зиян келтірмей, қардан тазартуға мүмкіндік береді.