Министрдің айтуынша, мұнайдың бірінші партиясын қаңтар айында экспорттау жоспарланған еді. Бірақ техникалық ақауларға байланысты бұл жоспар іске аспай қалды.
«Бізде 20 мың тонна бірінші партияны жөнелту туралы келісім бар. Бұл ақпан айының басында болады. Біз оны қаңтарда жібергіміз келді, бірақ техникалық ақаулар шығып қалды. Бүгін мен пайда болған техникалық ақауларға байланысты министрліктегі әріптестеріммен сөйлестім. Аталған ақаулар жойылды, қазіргі таңда мұнай тасымалын физикалық түрде жүзеге асыруға болады», деп түсіндірді министр.
Еске салайық, 2023 жылдың бірінші тоқсанында Германияға 300 мың тонна қазақстандық мұнайды жеткізу жоспарланған. Мұнай транзиті Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы тиісті келісімнің шеңберінде жүзеге асырылады.