Спорт • 01 Ақпан, 2023

Бас жүлде Карякин мен Гириге бұйырды

172 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Таяуда шахматсүйер қауым екі бірдей аса ірі халықаралық турнирді тамашалады. Оның бірі – Мәскеудегі Vegas City Hall кешенінде өтті. «Шахмат жұлдыздары» деп аталатын жарыста әлемге әйгілі 10 гроссмейстер бақ сынады. Солардың қатарында біздің Бибісара Асаубаева да болды.

Бас жүлде Карякин мен Гириге бұйырды

Рапидтен өткен турнирде 18 жасар Бибісара даңқты шахматшы, Әлем кубогінің иегері, командалық есепте әлем­нің екі дүркін чемпионы, 2016 жылғы «Үміткерлер турни­рінің» жеңімпазы, блиц пен рапидтен әлем чемпионы 33 жастағы Сергей Каря­кинді ұтып, сан миллион жан­күйердің ыстық ықыласына бөленген еді. Бірақ сол жеңістің өзі үздіктер қатарына қосылу үшін жеткіліксіз болды. Осы жарыста 4 ұпай олжалаған қазақ қызы Теймур Раджабовпен бірге бесінші және алтыншы орындарды өзара бөлісті. 6,5 ұпай­ды қоржынға салған үндіс­тандық Раунак Садхвани көш бастаса, ресейлік Сергей Каря­кин мен Владислав Артемьев (6 ұпайдан) екінші және үшінші орындарды иеленді.

Блиц бәсекесінде Бибі­сараның бағы жанбады. Не­бәрі 4 ұпайды еншілеген ол соңғы орында қалып қойды. Бұл турнирде жергілікті шах­мат­шылардың тегеуріні өте күшті болды. Бірінші орынды Алек­сандр Грищук иеленсе, екінші және үшінші сатыға Карякин мен Артемьев жай­ғасты.

Ал қорытынды есептегі жағдай мынадай: 1. Сер­гей Карякин (рапидте 2 орын+блицте 2 орын), 2. Алек­­сандр Грищук (4+1), 3-4. Раунак Садхвани (1+5) мен Вла­дислав Артемьев (3+3), 5. Теймур Раджабов (7+4), 6-7. Екатерина Лагно (5+9) мен Санан Сюгиров (8+6), 8. Би­бісара Асаубаева (6+10) және 9-10. Александра Горячкина (9+8) мен Франсиско Вальехо (10+7).

Ал Нидерландтың Вей- ка­н-Зее қаласында ұйымдас­тырылған турнирде ұзақ уақыт бойы Нодирбек Абдусатторов көш бастаған-тын. Тіпті оның осы жарыста жеңімпаз атанатынына ешкімнің де күмәні болған жоқ еді. Алайда соң­ғы турда ақ тастармен ой­на­ған Өзбекстанның өкілі ой­да-жоқта жергілікті ойыншы Йорден ван Форесттен ұты­лып қалды. Нәтижесінде, Аб­дусатторов Нор­вегияның даңқ­ты шахматшысы, әлем чемпио­ны Маг­нус Карлсенмен бірге екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті. Олардың әрқайсысы 8 ұпайдан иеленді. Ал бас жүлде Қызғалдақтар елінің тағы бір дүлдүлі Аниш Гириге бұйырды. Ол басты қарсыластарынан жар­ты ұпай артық жинады.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше