Қоғам • 01 Ақпан, 2023

Радиацияға төзімді кәбіл

343 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универ­ситеті жанындағы Ядро­лық технологиялар паркі радиациялық оқшаулау қабаты бар кәбілдердің алғашқы отандық өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр. Ғалымдар тың дүниені өндірушілермен бірлесіп жүзеге асырмақ ниетте.

Радиацияға төзімді кәбіл

Университет ғалымдары кәбілдік-өткізгіш өнімдердің жаңа түрлерін жасау тех­но­ло­гиясын ойлап тапты. Радиа­циялық модифи­кация­ланған оқшаулағыш қабаты бар мұнай-суасты және фотоволь­таи­калық кәбіл пайдалы қазба­ларды және баламалы энер­гия көз­дерін өндіруге арнал­ған. Ға­лымдар шетел­дік әріптес­терімен бір­лесе инертті ортада жоспар­ланған өңдеу технологиясына өзгерістер енгізіп, кәбілдік өнімнің қолдану қасиеттерін жақсартты. Өндіріс­тегі мұн­дай әдіс біздің елде қол­даныл­майды. Оның басты артық­шылығы – жоғары тем­пе­ратураға төзімді.

– Кәбілдік-өткізгіш өнім­дерді жасайтын жергілікті өндіру­шілер тек оқшаула­ғыш қабат­ты пероксидті бірік­тіру әді­сін қолданады. Біз «Қаз­элек­тромаш» ЖШС-мен бір­ле­сіп, Қазақстанда бірін­­ші бо­лып радиациялық-модификацияланған оқшаулау қабаты бар кәбілдік өнімнің мұнай-суасты және фотоволь­таикалық түрін шығарамыз. Бұл оқшаулағыш полимердегі гель-фракцияның құрамын арттырады және кәбіл-өткіз­гіш өнімдерінің физикалық-ме­ханикалық сипаттамаларын – ыстыққа төзімділікті (теріс және оң температураларға), аг­рес­­сивті ортаға төзімділікті (сіл­тілі, қышқылдық орта) және радиацияға төзімділікті жақ­сартуға мүмкіндік береді, – дейді Ядролық технологиялар паркінің инженер-физигі, жоба жетекшісі Азат Нұрқасымов.

Университет ғалымдары ғылыми жобаны коммерция­ландыруды жоспарлап отыр. Өндірісті 2023 жылдың бірін­ші жар­ты­жылдығында іске қосу көз­делген. Бастап­қы ке­зеңде өн­дірістік қуат­ты­лық ша­ма­мен 5 мың шақы­рым кәбіл­дік-өткізгіш өнімді құрайды. Бұл ретте олардың 2 мың ша­қыры­мына оффтейк-келісімшарт жасалады. Бұл осы өнімге деген сұра­нысты көрсетеді. Қазір фотоволь­таикалық және мұнай-суас­ты кәбіл­дерін өндіру­мен, моди­фика­циялаумен және отан­дық на­рыққа BetaIzol деген атаумен шығарумен айналысатын стартап-компания құрылды.

Ғалымдар әзірлеген радиа­ция­­­­лық-модификация­лан­ған оқ­­­шаулау қабаты бар кәбі­л өнім­­дерін өндірудің жаңа тех­но­ло­гиясы 2023-2025 жыл­дар­ға арналған гранттық қаржы­лан­дыруға ие болды. Бүгінде уни­верситет ғалымдары өзін-өзі реттейтін жылыту кәбілін шығарудың жаңа технологиясын әзірлеуді қолға алды. Бұл су­мен жабдықтау жүйелері мен кәріз құбырларын мұздату мәсе­лесін шешуге, сондай-ақ ғима­рат­тардың шатырларына ешбір зиян келтірмей, қардан тазартуға мүмкіндік береді.