Қоғам • 02 Ақпан, 2023

Түркістанда жасөспірімдерге қатысты 400-ге жуық құқық бұзушылық анықталды

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында кәмелетке толмағандарға қатысты 400-ге жуық құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ІІМ министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістанда жасөспірімдерге қатысты 400-ге жуық құқық бұзушылық анықталды

Түркістан облысында 30 қаңтар мен 1 ақпан аралығында  құқық қорғау органдары «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізген. Бұндағы негізгі мақсат - жасөспірімдердің мезгілсіз уақытта ата-анасының қадағалауынсыз жүруіне тыйым салып, құқық бұзушылықтың алдын алып және қылмыстың санын азайту.

Рейд барысында түнгі мезгілде кафелер мен көшелерді аралаған облыс полицейлері 365 жасөспірімді анықтап, оларды полицияға жеткізді. Яғни, жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде кәмелетке толмағандар саласына қатысты 385 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабымен – 16 дерек, ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша 13 құқық бұзушылық орын алған.

Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 133-бабы бойынша төрт құқық бұзушылық, ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы бойынша сегіз жайт, 442-бабының 2-бөлігі бойынша түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде жүрген 292 жасөспірім анықталды.

ІІО-ды профилактикалық есебіне – 76, оның ішінде құқық бұзушылыққа бейім 46 кәмелетке толмаған және 30 қолайсыз отбасы есепке алынды.

 

Гүлшахра САНСЫЗБАЙ