«Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС (ҚазГӨЗ) директоры болып Байшуақов Болат Армияұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Б.Байшуақов осыған дейін ҚазГӨЗ бас инженері - директордың орынбасары лауазымдарын атқарып, зауыттың өндірістік қызметін ұйымдастыруға жауапты болды.
«ҚазМұнайГаз «Барлау Өндіру» АҚ құрылымында жұмыс тәжірибесі бар, онда ҚазГӨЗ-дің өндірістік қызметіне жетекшілік етті. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешенінде 20 жылдан астам жұмыс істеп, еңбек жолында технологиялық қондырғылар операторынан кәсіпорынның бас технологына дейінгі барлық сатыдан өтті.
Ал «Қазақ газ өңдеу зауытының» бұрынғы бас директоры Төлепов Нақберген Аманбайұлы ҚазГӨЗ директорының орынбасары - Жаңаөзен қаласында салынып жатқан жаңа газ өңдеу зауытының дирекция басшысы лауазымына ауысты.
Жібек Құламбаева Түркиядағы жарыста жеңімпаз атанды
Теннис • Кеше
ҰҚШҰ елдері кешенді оқу-жаттығу өткізеді
Оқиға • Кеше
Рим Папасы ауруханадан шығарылды
Әлем • Кеше
Ұқсас жаңалықтар