
Музейлер ынтымақтастығы жалғасады
Былтыр жыл басында Ақмола облысы мәдениет басқармасының М.Ғабдуллин музейі мен Ақтөбе облысының мәдениет басқармасына қарасты Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі арасындағы екіжақты ынтымақтастық келісім аясында бірлескен мәдени іс-шаралар ұйымдастырып, көрмелер өткізіп тұру жүзеге асырыла бастады. Солардың бірі Көкшетаудағы «Ақтөбеліктер – ұлт мақтаныштары» жылжымалы көрмесі еді.
15 қараша – Кеңес Одағының Батыры, академик, жазушы, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллиннің туған күні. Осыған байланысты батырдың Көкшетаудағы мемориалды музейінде ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды. Ал көрме негізінен ақтөбелік ұлт зиялылары мен қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығына арналды. Атап айтқанда, көрмеге Әбілқайыр Мұхаммед қажы Бахадүр, Бопай ханым, Әйтеке би, Есет батыр Көкіұлы, Абат Байтақ батыр, Қобыланды Тоқтарбайұлы, Құдайберген Жұбанов, Ахмет Жұбанов, Ғазиза Жұбанова сынды Ақтөбе топырағынан шыққан қазақтың біртуар тарихи тұлғалары туралы бай да құнды деректер қойылды. Олармен бірге Кеңес Одағының Батырлары Малкеждар Бөкенбаев, Қожағали Жазықов, Сәрсенғали Ешбаев, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова және «қанатты қыз» атанған қазақтан шыққан тұңғыш әскери әйел-ұшқыш Хиуаз Доспанованың ерліктері туралы да кеңінен айтылды.
«Ақтөбеліктер – ұлт мақтаныштары» көрмесі әрі қарай Көкшетаудағы Төтенше жағдайлар министрлігі М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының мәжіліс залына да қойылып, «Ғалым Мәлік Ғабдуллин және Жаңа Қазақстандық патриотизм» атты V халықаралық ғылыми-теориялық конференциясына ұласты. Оның аясында қонақтар мен қатысушылар Бурабай, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейлері мен Әдебиет және өнер музейінің экспозиция залдарымен танысты.
Алдағы уақытта да мемориалды музейлердің бір-бірімен ынтымақтастығының нәтижесінде ауқымды жобалар іске асырылады.
Назерке ЖОЛДИЕВА,
Әлия Молдағұлованың
облыстық мемориалды музейі
АҚТӨБЕ
Аталы ел баталы емес пе еді?
«Батамен ел көгереді, жаңбырмен жер көгереді», «Алтын алма, алғыс ал» деген сөз орамдарынан батаның қазақ қоғамында қазір де ерекше мәнге ие екендігін аңғаруға болады.
...Өткенде бір аста болғанымыз бар. Әжептәуір жасқа келген сақалды кісіні қазақы салтымызға салып, төрге оздырғанбыз. Алдымызға үлкен ас келген соң, үй иесі бата сұрады. Бәріміз қол жайып, әлгі қарияға қарадық. Өкініштісі сол – қартымыз бата білмейтін болып шықты. Бір сәт үй ішін үнсіздік жайлады...
Шыны керек, бата бере білмеу кемшілік емес те шығар, ол үшін кінәлау да әбестік болар. Десек те, үлкен кісі үшін біз ұялдық. Есімізге өмірден әлдеқашан озып кеткен теріскейлік Есіркеп, Ақшал, Әбдірашид, Білдәш, Жүніс, Жәми, Өмірбай секілді батагөй қарттарымыз түсті. Сол кісілер бата берер кезде әуезді үнмен мәнерлеп, киелі кейіпке еніп, бар ынтасымен өлеңдетіп, шын пейілімен бата беретін. Бата аяқталған әзірде жиналған қауым бірауыздан қуаттап, «Әмин, айтқаныңыз келсін!» деп бет сипайтын. Сол үрдістің тіні үзілмесе екен деген тілек бар көңілде.
Осы орайда мына бір жайдың да ойға оралып отырғаны. Тәуелсіздік жылдарының елең-алаңында шалғайдағы Созақ ауданында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожановтың 100 жылдығы республикалық деңгейде атап өтілген болатын. Сол алқалы жиынның қамымен Алматыға жол түскен әзірде көрнекті жазушы Тұтқабай Иманбеков ағамызға соғып, шақыру қағазын тапсырғанбыз. Сол тұста «Ағайынға ақ бата», «Өнеге сөз – өрісің» атты шағын екі кітапшасы жаңа ғана баспаханадан шыққан екен. Қоштасар сәтте Тұқаң екі бума кітапшаны «мынау менің елдік шараға қосқан үлесім болсын» деп беріп жіберген еді. Мұны неге айтып отырмыз? Кітапқұмар жұрт жазушының тегін таратылған екі кітапшасын да ықыласпен қабыл алып, ондағы бата-тілектер жайлы бір-біріне көпке дейін айтып жүргеніне мына біз куәміз.
Иә, аталы ел баталы деген сөз бар қазақта. Сіз бата бере білесіз бе?
Кәрібай ӘМЗЕҰЛЫ,
зейнеткер
Түркістан облысы
Дәстүрімізді дәріптей білейік
Қазақ халқында ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер ең маңызды орындардың бірін алады. Оларда ата-бабалардың талай ғасырлық даналығы, өміріміздің барлық қырлары мен кезеңдері туралы: туғаннан өлгенге дейінгі өсиеттер бар. Қазақ халқының отбасындағы маңызды оқиғаларға байланысты ең кең тараған әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері: шілдехана, бесік той, қырқынан шығу, тұсау кесу, ат қою, сүндетке отырғызу, жеті ата, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату, т.б. болып жалғаса береді.
Отбасылық құндылықтарымыз бен әдет-ғұрыптарымыз ұрпақтан-ұрпаққа ұқыптылықпен беріліп келе жатыр және олар – ұлттың нағыз қазынасы. Сондықтан оларды сақтап, әрі қарай да жалғастыру өте маңызды. Әрбір рәсімнің терең мағынасы бар және белгілі бір уақытта, белгілі бір жағдайда және белгілі бір ережелерге сәйкес орындалуы керек. Өйткені олар ұзақ уақыт бойы қалыптасады. Яғни маңыздылары қалып, маңызы жоқтары бірте-бірте жойылады.
Осы орайда ескерерлік жайт – ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерімізді жеткіншектеріміздің бойына әрбір өтілген сабақ барысын пайдалана әрі тақырыбымызбен байланыстыра отырып сіңіре білу. Осылай жасаған жағдайда ғана біз бірте-бірте түпкі мақсатымызға қол жеткізе аламыз. Жалпы қарап отырсақ, ұлттық құндылықтарымызды жадымыздан өшірмеу үшін пайдалануға болатын әдіс-тәсілдер баршылық. Ал ол тек мұғалімнің ізденімпаздығы мен ой тереңдігіне тікелей байланысты.
Қарлығаш ЛАТЫПОВА,
Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
ПЕТРОПАВЛ
Ауыл • Кеше
Тұрмысты жеңілдеткен жаңа технологиялар
Технология • Кеше
Қоғам • Кеше
Пікір • Кеше
Мереке • Кеше
Мәселе • Кеше
EURO-2024: Словения мен Данияны жеңе аламыз ба?
Футбол • Кеше
Шахмат • Кеше
Бокс • Кеше
Футбол • Кеше
Спорт • Кеше
Қысқы спорт • Кеше
Дәстүр • Кеше
Өнер • Кеше
Қоғам • Кеше
Сайлау: Алғашқы Еxit poll нәтижесі белгілі болды
Сайлау • Кеше
Түркиядағы сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталды
Әлем • 19 Наурыз, 2023
Сайлау күні 609 сәби дүниеге келді
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Сайлау-2023: Дауыс берушілердің соңғы мәліметтері жарияланды
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Бокс: Карина Ибрагимова 1/8 финалға жолдама алды
Бокс • 19 Наурыз, 2023
Франциялық бақылаушылар Алматыдағы сайлау барысының ашықтығын атап өтті
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Еліміздің басым бөлігінде дауыс беру аяқталды
Қоғам • 19 Наурыз, 2023
Қытайдағы сайлау учаскелері өз жұмысын аяқтады
Әлем • 19 Наурыз, 2023
ОСК: Халықтың 54,09 пайызы сайлауда таңдауын жасады
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Халықаралық сарапшы алматылықтардың жауапкершілігін ерекше атап өтті
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Шетелде 5 мыңға жуық отандасымыз дауыс берді
Саясат • 19 Наурыз, 2023
Ресей бақылаушылары Алматыдағы дауыс беру барысына оң баға берді
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Қостанайдағы 6 сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды
Аймақтар • 19 Наурыз, 2023
ОСК кешкі уақыттағы сайлау қарқынын баяндады
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Канадада жасөспірім екі полицейді атып өлтірді
Әлем • 19 Наурыз, 2023
Қонаевта ретрокөліктер шеруі ұйымдастырылды
Қоғам • 19 Наурыз, 2023
Елорда мен Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 19 Наурыз, 2023
Астанада әскери қызметші мұз астына құлап кеткен баланы құтқарды
Қоғам • 19 Наурыз, 2023
Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы кім?
Спорт • 19 Наурыз, 2023
Сайлау комиссияларының бірнеше мүшесі процестен шеттетілді
Қоғам • 19 Наурыз, 2023
Алматының көлік жүргізушілеріне ескерту жасалды
Қоғам • 19 Наурыз, 2023
6 миллионнан астам адам дауыс беріп үлгерді
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Пәкістанда су тасқынынан 10 адам қайтыс болды
Әлем • 19 Наурыз, 2023
Теміржолшылар әулеті дәстүр бойынша сайлауға келді
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Павлодарда 103 жастағы кейуана дауыс берді
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Ұқсас жаңалықтар