Өткен екі тәулік ішінде еліміздің оңтүстік өңірлері аумағында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болып, температураның күрт ауытқуы байқалды. Осылайша, өткен түнде жол бойында төтенше жағдайларды алдын алу үшін Алматы және Жетісу облыстарындағы республикалық трассалардың 6 учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілді. Республикалық маңызы бар автожолдарды өңдеу үшін 1070 м3 құм-тұз қоспасы пайдаланылды.
Жол бөлігін құм-тұз қоспасымен өңдеу жұмыстары күшейтілген режимде жалғасып жатыр. Әрбір учаскеге жол-пайдалану техникасы бөлінді, жолдардың жүру бөлігі директивті нормаларға сәйкес тазартылып, өңделіп жатыр.
Бұдан басқа, Түркістан облысының жолшылары Шымкент қаласынан Қызылорда облысының шекарасына дейінгі «Самара-Шымкент» автожолының учаскесін су басып, шайылып кетуіне жол бермей, жедел шаралар қабылдады. Сондай-ақ инертті материалдары бар 1200-ден астам қап төселді, су бұру жұмыстары жүргізілді.
Республикалық автожолдар желісінде қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқаруға 477 бірлік арнайы техника мен 1 мыңнан астам жол жұмысшысы жұмылдырылды.