18 Маусым, 2014

Шабуыл салдары қасіретке толы

221 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
120111-1 Сомали қарулы жасақтары Кенияның Мпекетони қаласына шабуыл жасады. Шабуыл салдарынан кем дегенде 48 адам қаза тапқан. Бұл туралы Халықаралық Қызыл Крест комитетіне сілтеме жасай отырып, «Франс-Пресс» агенттігі хабарлады. Лаңкестер, сондай-ақ, үш қонақ үй мен бір жанармай құю стансасын өртеп жіберген. Кейбір деректерге қарағанда, қарулы жасақ жергілікті полиция учаскесіне де шабуыл жасаған. Жалпы, Кенияда лаңкестік әрекеттер жиі бола бастады. Бұған себеп – 2011 жылдың аяғында осы елдің армиясы Сомалиге кірген болатын. Ондағы мақсат «Әл-Каиданың» Сомали бөлімшесі болып табылатын «Аш-Шабаб» тобымен күрес еді. Ақ үй Иранмен ынтымақтаса ма? Иракта жағдайдың ушығып кетуіне байланысты Вашингтон аталған елдегі өз елшілігін қорғау үшін 275 әскери қызметші аттандырды. Бағдат қаласындағы соңғы оқиғалар Ақ үй басшылығын осындай қадамға баруға мәжбүрлеп отыр. ИракВашингтон, сонымен қатар, Ирактағы жағдайды тұрақтандыру үшін Теһранмен ынтымақтастыққа баруға да дайын екенін білдіріп қойды. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Дженнифер Псаки хабарлады. Оның сөзіне қарағанда, Вашингтон мен Теһран Ирак үкіметінің саясатына қай жағынан ықпал ету керектігін талқылап жатқан көрінеді. Қалай дегенде де АҚШ пен Иран, саяси көзқарастары қарама-қайшы екеніне қарамастан, Ирактағы қарулы жасақтардың белсенділігін тежеуге мүдделі болып отыр. Екі үміткердің де дәмесі зор Сыртқы істер экс-министрі Абдулла Абдулла мен бұрынғы қаржы министрі Ашраф Ғани қатысқан Ауғанстандағы президенттік сайлаудың екінші кезеңінен кейін бәсекелес екі жақ та нақ өздерінің кандидатуралары жеңіске жеткеніне сенімді екендіктерін білдірді. «Рейтер» агенттігі атап өткендей, байқаушылар мен басқа да ресми адамдар екі үміткердің өз басымдықтарын бәске қойып, сайлау адал өтпеді деп сілтеме жасауы сайлау қорытындысын танымауға алып келуі ықтимал. Сайлау комиссиясына 274 шағым түскені де белгілі болып отыр. БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун екі үміткерді де сайлау үдерісін құрметтеуге шақырды. Ал сайлаудың нақты қорытындысы осы айдың соңында жария етілетін болады.

Қысқа қайырып айтқанда:

Еуроодақ Украина астанасындағы Ресей елшілігіне шабуылды жазғырған тұрғыда пікір білдірді. ЕО-ның өкілі Майя Косьянчич Киев басшылығын дипломатиялық өкілдіктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды. «Біз Киевтегі Ресей елшілігіне шабуылды айыптаймыз», делінген оның мәлімдемесінде. Колумбиядағы президенттік сайлаудың екінші кезеңінде іс басындағы президент Хуан Мануэль Сантос жеңіске жетті. Сайлау бюллетеньдерінің 99 пайызы тексерілгеннен кейінгі мәлімет бойынша ол ел халқының 50,89 пайыз дауысын алған. Оның қарсыласы, «Демократиялық орталық» партиясынан үміткер Оскар Иван Сулуага 45,06 пайыз дауыс жинаған. Пәкістан әскери-әуе күштерінің жойғыш ұшақтары елдің солтүстік-батысында қарулы жасақтардың шептеріне соққы жасады. 150 лаңкес қаза тапқан, деп хабарлады «Франс-Пресс» агенттігі Пәкістан күш құрылымдарына сілтеме жасай отырып. Ұшақтардың нысанасы «Өзбекстанның ислам қозғалысы» тобының қарулы жасақтары болған. Ислам бүлікшілері Ирактың солтүстік-батысындағы Талль-Афар қаласын басып алды. Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабарлады. Шабуылдаған «Ирактың ислам мемлекеті мен Леванта» арабтың сүннит тобының қарулы жасақтары екен. Бұл елде осы айдың басынан бері тыныштық кетіп тұр. Қазіргі таңда Ирак билігі елдің солтүстік-батысында жағдайды бақылауынан шығарып алып отыр. 1700 солдатты ажал құштырған «Ирактың ислам мемлекеті мен Леванта» ұйымының қарулы жасақтары Ирактың тұтқынға түскен 1700 жауынгерін ажал құштырған. Бұл туралы «Ассошейтед Пресс» агенттігі хабарлады. Өз әрекеттерін айғақтау үшін исламшылар өз сайттарының біріне жазалау сәттерін орналастырыпты. Өлтірілгендер Ирактың солтүстік-батысындағы ұрыс кезінде тұтқынға түскен солдат-шииттер екен. Толыққанды шабуылдар барысында экстремистер Мосул, Тикрит, сондай-ақ, Салах-эд-Дин мен Киркук провинцияларындағы кейбір елді мекендерді басып алуға қол жеткізген көрінеді. Қазіргі таңда олар Бағдатқа қарай бағыт алып бара жатса керек. Ұрыс қимылдары Самарра қаласы маңында жүріп жатқанға ұқсайды. Ирак астанасын қорғау үшін Бағдатқа 2000 иран әскериі жеткізіліпті. Билік басында жаңа премьер-министр Финляндияның ЕО істері жөніндегі және сыртқы сау­да министрі Александр Стубб ел премьер-министрінің орынтағына отыратын болды. «Рейтер» агенттігі хабарлағандай, Стубб, сондай-ақ, билеуші коалицияға кіретін Финляндия ұлттық коалициясы партиясына да жетекшілік етеді. stubМұндай шешім билеуші партияның съезінде дауыс берудің екінші кезеңінің қорытындысы бойынша қабылданған. 46 жастағы Стуббқа делегаттардың шамамен 60 пайызы өз дауыстарын берген. Саясаткер үкімет басшысы лауазымына бір ай ішінде келетін болады. Оған дейін іс басындағы премьер Юрки Катайнен орынтағын босатуы тиіс. Стубб соңғы үш жыл бойы жоғарыдағы қызметті атқарса, оның алдындағы үш жыл бедерінде Финляндияның сыртқы істер министрі болған. Қытайда қылмыскерге жаза ауыр Қытай астанасы – Бейжің қаласындағы атақты Тяньаньмэнь алаңында өткен жылдың қазан айында лаңкестік жасалғаны әлі де ұмытыла қоймаса керек. Сол кездегі лаңкестікке қатысқан үш адам өлім жазасына кесілген. Бұл туралы Қытай телевизиясына сілтеме жасай отырып, «Рейтер» агенттігі хабарлады. Бұдан бөлек, тағы бір адам өмір бақи түрмеде отыру жазасына кесілсе, лаңкестікке қатысы бар деген келесі 4 адамға 5 жыл мен 20 жылға дейінгі аралықта түрмеде отыру туралы үкім шығарылған. Естеріңізге сала кетсек, 2013 жылдың 28 қазанында автомобиль аталған алаңда бір топ адамға барып соғылған болатын. Артынша көлік отқа оранған еді. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам опат болса, 40 адам түрлі дене жарақатын алған еді. Қытай билігі оқиғаны жанкешті лаңкестер жасады деп белгілеген-тін.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.