«Тергеу нәтижесінде 2021 жылы Тараз қаласының жер комиссиясының шешімімен Тараз қаласының тұрғынына шаруа қожалығын жүргізуге арналған жер учаскесін жалпы ауданы 3,56 га болатын ғимараттар мен құрылыстар салуға арналған басқа 2 жер учаскесіне өтеусіз ауыстыру жүргізілгені анықталды. Жер учаскелерін негізсіз ауыстыру нәтижесінде мемлекетке 159 млн теңге көлемінде залал келтірілді», деп жазылған хабарламада.
Тергеу барысында Тараз қаласы Жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы және аталған бөлімнің бұрынғы сектор меңгерушісі ұсталып, Тараз қаласы сотының санкциясымен қамауға алынған.
Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Сонымен қатар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен облыс прокуроры жер учаскелерін сот тәртібімен иеліктен шығару туралы шартты бұзу туралы мәселеге бастамашылық жасады.
Мәселен, 2023 жылдың 6 қаңтарында Жамбыл облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен жер учаскелерін иеліктен шығару туралы шарт жарамсыз деп танылып, жер учаскелері мемлекеттік меншікке қайтарылды.
Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын одан әрі қолдау мақсатында облыс әкімдігімен мектеп пен көппәтерлі тұрғын үй құрылысына қайтарылған жер учаскесінің егжей-тегжейлі жоспарлануын түзету туралы келісім жасалды.
Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Тараз қаласы әкімдігінің бұрыңғы лауазымды тұлғаларына қатысты лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елдос Сметов жылдың үздік спортшысы атанды
Спорт • Кеше
Қазақстан теннисшісі Еуропада жыл үздігі атанды
Теннис • Кеше
Жайық өзені туралы энциклопедиялық фотоальбом таныстырылды
Экология • Кеше
Қазақстан енді Арменияға ет экспорттайды
Экспорт • Кеше
ҚФФ Черчесовке қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға • Кеше