Спорт • 05 Ақпан, 2023

Алина Дауранова конькимен жүгіруден Әлем кубогінің алтын медалін жеңіп алды

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18 жастағы Алина Дауранова осы күндері Инцель қаласында (Германия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем кубогінің финалында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алина Дауранова конькимен жүгіруден Әлем кубогінің алтын медалін жеңіп алды

Алина Дауранова 1000 метр қашықтықты 1 минут 17,98 секундта бағындырып, алға шықты. Оның артында Пиен Херсман (Голландия) мен Серена Пергер (Италия) мәреге жетті. Сонымен қатар жас Қазақстан спортшысы осы жарыс бойынша әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.

Жас жігіттер арасында 1000 метр қашықтыққа жалпы есепте Қазақстан спортшысы Никита Важенин көш бастады.

Қазақстандық жасөспірімдердің қоржыны тағы екі марапатпен толықты. Қыздар командалық спринтте Нидерланды мен АҚШ құрамаларын басып озып, қоланы жеңіп алды. Ел намысын Арина Ильященко, Алена Лифатова және Алина Дауранова қорғады. Ал командалық спринтте біздің жігіттер екінші орынға ие болды. Америкалықтар чемпион атанды, шведтер үшінші орынды иеленді.

Ф

Соңғы жаңалықтар