Қоңыр плащты тізеге дейін созып, ала шарфты мойынға айналдыра орап, қара шляпаны қисайта киіп, сықиып, кербездене көшеде кетіп бара жатсаңыз, көрген адам суретші не жазушыға ұқсатары анық. Байқайсыз ба, бұл ережесіз еліктеу бізде де бар. Тек біздікі ұлылардың инерциясына икемделген албырттық қана, артық ештеңесі жоқ. Әйтсе де мұны ғылымда «Гоше реакциясы» дейді. Абайсызда арбауға түсу.

Табиғаты бөлек, талғамы алыс жатқан бөгде біреуге сырттай еліктеп, құр солықтау құптарлық қадам емес. Дегенмен жас қаламгерге әдеби кейіпкерді үлгі тұту, алдыңғы аға буыннан өнеге алу, солар жүрген даңғыл жолға шығу осындай қияли қарекеттерден басталса керек. Бұл жалаң еліту емес, творчестволық түрдегі талпыныс, стильдік ерекшеліктерді жаңғырту. Абайша айтқанда «Болмасаң да ұқсап бағу». Сондықтан жас ақын дәл солай сахнаға шықса, сөкпеңіз! Жалпы сізге айтпақ ойымызды ашық жеткізе алдық деген тұжырымдамыз.
Осы тұста бір сұрақ туады. Сіз шынайы ғашық болып көрдіңіз бе? Егер ессіз ғашық болсаңыз, сүйгеніңіздің қылығын еріксіз қайталай бастайсыз, яки бүтіндей сол адамға айналып кетесіз. Мимикасын, дауыс ырғағын, күлкісін, киім-киісін, тіпті жүрісіне дейін айнытпай саласыз, ол аз десеңіз сол сияқты ойлайсыз да. Қызығы, оны өзіңіз аңдамауыңыз мүмкін. Бұл – синхронизм құбылыс. Сізге имандай сенген адам бет-әлпетіңізді һәм мінез-құлқыңызды бейсаналы түрде көшіре бастайды. Гоше реакциясы деген осы. «Фокус» кинокартинасында алаяқтың рөлін сомдаған актер Уилл Смиттің өз мақсатына жету үшін осы психологиялық технологияны белсенді пайдаланады.
Айтпақшы, осы мақаланы жазуға түрткі болған режиссер Гленн Фикарра мен Джон Рекуаның жоғарыда аталған әлеуметтік криминалды фильмі. Тақырыпқа тұздық болуы үшін кинокартинаны саралай кетсек. Сенім философиясын кәсіпке айналдырып алған жас жігіт, байлардың көзін бақырайтып қойып, қалтасын қағып кетеді. Ешқандай күш көрсетпей-ақ, осы күнге дейінгі мидағы түсініктердің тас-талқанын шығарады. Магиялық қуатты сиқыр сөзбен құрыққа түсіреді.
Құмарлықтың құрдымға бастайтыны хақ, әйтсе де адамның жанары байланса дүниеден басқа ештенені көрмейді. Кісінінің сеніміне кіріп, сырт айналып кететін жылпос жігіттің айлакерлігі ғана емес, мұнда адамның ақымақтығында да шек болмайтыны әдемі суреттеледі. Әккі кейіпкер зымияндығын тек қу һәм залым байшыкештерге асырады. Мұнда оған солардың ортасына түсіп, ықыласын өзіне аудару үшін Гоше реакциясы көмектеседі.
Өткен ғасырдың 90-жылдарында ғалымдар адам миы мен психологиясы саласындағы іргелі жаңалықтарға қол жеткізді. Соның бірі – айна нейрондары. Бұл адамның ішкі жан-дүниесін айтқызбай түсінуге эволюциялық түрде жауап беретін мидағы жасушалар. Сол арқылы тұлға ықтиярсыз, болмыстан тыс қарекет жасайды.
Әлдебір ортаға немесе бейтаныс адамға кездейсоқ жолығып қалсаңыз, бойыңыздағы бейімделу һәм үйренісу қабілеті оянады. Ол сізде туғаннан бастап инстинктивті түрде дамыған ғадет. Бала ата-анасынан бастап, кеңістіктегі әрбір тіршілік иесінен өзіне қажет қалыпты жанына сіңіре бастайды. Бұл оған қарапайым әлеуметтік дағдыларды меңгеруге көмектеседі. Өкінішке қарай, кісіге икемделу әрекеті сіздің болмысыңызда ырықсыз түрде орын алады. Қашан және кімге бейімделу керек екенін басқара алмайсыз.
Бұл әдет шектен шықса рухани дертке ұласады. Оның емін психолог не психотерапевтерге жүгініп қана таба аласыз. Науқас пен дәрігердің өзара келісім арқылы жүзеге асады. Біреудің көлеңкесінде қалу, кейіпке ксерокс жасау бір пәсте. Ал одан айығу азаптың азабы.
Батысқа елігу, әнтек іске әуестену, жылтыраққа қызығу қоғамда қатты белең алып барады. Әлеуметтік желінің әуеніне төңкерілген жас толқынның әлдебіреудің сонынан еріп адасып жүргені, біреудің өмірін қайталауы, қараңғыға ұмсынуы, жарықтан жалтаруы Гоше реакциясының көрінісі. Біз оған шарасыздан күлеміз. Кісінің жағымсыз әрекетін кумирлік деңгейге көтеру қорқынышты. Үйдегі балаңыз кімді пір тұтып жүр, осыны ойладыңыз ба?! Бұған ғажайып ақын Жұмекен Нәжімеденов былайша жауап береді:
Еліктеу табиғатқа жаңалық па,
Көлбеңдеп көл еркесі көгімде жүр.
Мен саған ұқсамаймын,
маған ұқса –
Ұқсастық керек болса
тегінде бір!...
Көктемнің соңғы күнінде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 16:35
Қаржы • Бүгін, 16:10
«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек...» атты кеш өтті
Мәдениет • Бүгін, 15:53
Ата-ана құқығынан айырылуға не себеп болады?
Қоғам • Бүгін, 15:49
Қазақ балуандары – Азия чемпионатының жеңімпаздары
Спорт • Бүгін, 15:38
Мемлекет басшысы Ерлан Қошановты қабылдады
Президент • Бүгін, 15:34
Мәдениет саласының ардагерлеріне әлеуметтік көмек көрсетіледі
Мәдениет • Бүгін, 15:20
Индустриялық даму комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:10
Алматыда қайыр сұрап, құлдықта болған зейнеткерге көмек көрсетілді
Аймақтар • Бүгін, 15:08
Елордада Мемлекеттік рәміздер күніне орай онлайн конкурс өткізіледі
Елорда • Бүгін, 14:51
Астанада мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтті
Елорда • Бүгін, 14:43
Әуе маршруттарын субсидиялауға 7,2 млрд теңге бөлінді
Қоғам • Бүгін, 14:33
Алты өңірде АИТВ жұқтыру дерегі артты
Медицина • Бүгін, 14:00
Қаржы министрі зейнетақы жинағын ерте шешіп алмауға кеңес берді
Қаржы • Бүгін, 13:25
Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Саясат • Бүгін, 13:20
Шымкентте екі полицей пара алды деген күдікке ілінді
Қоғам • Бүгін, 12:55
Астанада студенттерге арналған 5 жатақхана салынады
Елорда • Бүгін, 12:42
Журналистерге арналған «Парасат» конкурсы басталды
Қоғам • Бүгін, 12:30
Жалған ақпарат таратқан блогерлер жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 12:17
Балаларға арналған тегін үйірмелерге 86,7 млрд теңге бөлінді
Қоғам • Бүгін, 12:05
Сенаторлар босқындар мәселесін талқылады
Саясат • Бүгін, 11:50
Абай облысында 30 млн ағаш отырғызылады
Қоғам • Бүгін, 11:47
Автокөліктерге арналған VIP нөмірлерді онлайн сатып алуға болады
Қоғам • Бүгін, 11:33
«TikTok» желісінде құмар ойын ұйымдастырғандар сотталды
Қоғам • Бүгін, 11:26
Елімізде 9 жаңа халықаралық әуе маршруты ашылады
Қоғам • Бүгін, 11:17
Қазақстан елшісі Әзербайжан президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Саясат • Бүгін, 11:08
Осы аптада өтетін мәдени-спорттық іс-шаралар
Қоғам • Бүгін, 10:50
Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Үкімет • Бүгін, 10:43
Қытайда жұмыссыз жастар көбейді
Әлем • Бүгін, 10:35
Қазақстанда запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады
Әскер • Бүгін, 10:27
Латын әліпбиіне көшетін түркітілдес елдерге қолдау көрсетіледі
Қоғам • Бүгін, 10:12
«Жолдасымның ғашық болғанын аңғардым» - «Нурикамал» әнінің шығу тарихы
Өнер • Бүгін, 10:03
Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
Экология • Бүгін, 09:55
Алматы тауларында адасып кеткен туристер құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 09:45
Алматыдағы танымал фастфуд дүкені өртенді
Қоғам • Бүгін, 09:30
«Семей орманы» табиғи резерватының басшылары сотталды
ANTIKOR • Бүгін, 09:23
30 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:12
280-нен астам инвестициялық жоба іске қосылады
Инвестиция • Бүгін, 09:05
Үкімет сағаты: Инвестициялық ахуалды жақсарту
Сенат • Бүгін, 08:59
Жылу мен су тапшылығы шуға айналды
Мәселе • Бүгін, 08:55
Ұқсас жаңалықтар