Білім • 06 Ақпан, 2023

Биыл ҰБТ қалай өтеді?

487 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығы 2023 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты ең маңызды мәліметтерді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл ҰБТ қалай өтеді?

Биыл ҰБТ 5 рет өткізіледі:

  • ақылы ҰБТ – қаңтар, наурыз, тамыз айларында (3 рет);
  • мемлекеттік грант байқауына арналған ҰБТ – мамырдан бастап маусымға дейін (2 рет). 

ҰБТ-ға кімдер қатыса алады?

  • Биылғы мектеп түлектері – қаңтар, наурыз, тамыздағы және негізгі ҰБТ-ға;
  • Өткен жылғы мектеп түлектері – наурыз, тамыздағы және негізгі ҰБТ-ға;
  • Колледж түлектері – наурыз, тамыздағы және негізгі ҰБТ-ға;
  • Қандастар – наурыз, тамыздағы және негізгі ҰБТ-ға;
  • Шартты түрде оқып жатқан студенттер – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ-ға;
  • Басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниетті шығармашылық мамандықтардың студенттері – қаңтар, тамыз айларындағы ҰБТ-ға;
  • Ақылы негізде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласына ауысуға ниет білдірген студенттер – қаңтар, тамыз айларындағы ҰБТ-ға.

ҰБТ форматы қандай?  

  • 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік);
  • Барлық тапсырмалардың саны – 120;
  • Ең жоғары балл – 140;
  • Тестілеудің жалпы уақыты - 4 сағат (240 минут).

Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламаларының мәндес бағыттарына түсуге ниет білдірген колледж түлектеріне арналған ҰБТ форматы:

  • 2 пән (жалпы кәсіптік +арнайы);
  • Тестілеудің жалпы уақыты – 2 сағат (120 минут);
  • Тест тапсырмаларының саны – 60;
  • Жоғары балл саны – 70;
  • Шекті балл – кемінде 25 балл, «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласына - кемінде 35 балл;

Әр пән бойынша шекті балл – 5 балл.

 

Гүлшахра САНСЫЗБАЙ