Оқиға • 06 Ақпан, 2023

QAZAQ AIR әуекомпаниясының ұшағы Атырауға шұғыл қонды

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

QAZAQ AIR әуекомпаниясының ұшағы Атырау қаласының әуежайына жоспардан тыс қонды, деп хабарлайды Egemen.kz.

QAZAQ AIR әуекомпаниясының ұшағы Атырауға шұғыл қонды

IQ519 «Ақтөбе-Баку» бағыты бойынша рейсті орындайтын QAZAQ AIR әуекомпаниясының ұшағы Атырау қаласының әуежайына шұғыл қонды. Бортта 37 жолаушысы бар әуе кемесі 5 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 19:21-де (Атырау уақыты бойынша 18:21-де) қонған.

Ұшақта шұғыл медициналық көмекке мұқтаж жолаушы болған.

Экипаж дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жақын маңдағы әуежайға ұшақты қондыру туралы шешімге келген. Әуежайға қонғаннан кейін жолаушыны жедел жәрдем көлігі алып кетіп, білікті медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жатқызды.

Ауруханаға жатқызылған әйелмен бірге бортта ұшқан жолаушының айтуынша, медициналық көмек уақтылы көрсетілген және қазіргі уақытта оның өміріне еш қауіп жоқ.

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37