Спорт • 06 Ақпан, 2023

Қоржынымызда – тағы екі жүлде

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Конькиден Германияның Ин­цель қаласында өтіп жатқан жасөспірім­дердің Әлем кубогі жолындағы жарысында Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп жатыр.

Қоржынымызда – тағы екі жүлде

Кеше отандастарымыз тағы екі рет жеңіс тұғырына көтерілді. 1 500 метрге жүгірген Нұралы Ақжол күміс медаль иеленіп, үш кезеңнің қорытындысы бойынша екінші орынды олжалады. Қыздар арасындағы дәл сол қашықтықта Арина Ильяшенко мәре сызығын үшінші болып қиып өтті. Жо­ғарыда есімдері аталған спортшылар былтыр Финляндия, Аустрия және қарт құр­лықтың тағы басқа да мемлекеттерінде өткен халықаралық жарыстарда жеңіс тұ­ғырына көтерілгенін жанкүйерлер ұмыта қойған жоқ. Сонымен қатар Нұралының 1500 метрлік сайыста 15 жыл бойы мұрты бұзылмай тұрған еліміздің рекордын жа­ңарт­­қаны да есімізде.

Ал соның алдында ғана Қазақстанның тағы бір дарынды өрені Алина Дауранова 1 000 метрлік қашықтықты 1 минут 17,98 се­кундта жүгіріп өтіп, алтыннан алқа таққан еді.