2014 жылғы 31 мамыр, Астана, Үкімет Үйі
Жеке сот орындаушыларының ерекше құзыретіне жатпайтын атқарушылық құжаттар туралы
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларына мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 138-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Осы қаулы қосымшаға сәйкес сот орындаушыларының ерекше құзыретіне жатпайтын атқарушылық құжаттар белгіленсін.
2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы №593 қаулысына қосымша
Жеке сот орындаушыларының ерекше құзыретіне жатпайтын атқарушылық құжаттар
1. Стратегиялық объектілердің құқық иеленушілері тараптары болып табылатын атқарушылық құжаттар.
2. Стратегиялық тауарларды өндіретін тұлғалар тараптары болып табылатын атқарушылық құжаттар.
3. Инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыратын тұлғалар тараптары болып табылатын атқарушылық құжаттар.