Қоғам • 07 Ақпан, 2023

Алматыда жер сілкінісінің ықтималдығы бойынша болжам жасалды

11171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық сейсмолог Алматы маңында жеті балдық жойқын жер сілкінісінің ықтимал қаупін бағалады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда жер сілкінісінің ықтималдығы бойынша болжам жасалды

Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмология институты директорының орынбасары Нұрсәрсен Өзбеков Түркиядағы жойқын жер сілкінісіне қатысты пікір білдірді. Маманның айтуынша, Анадолының таулы аймағы сейсмикалық қауіпті аймақтардың бірі болып саналады. Онда күшті және жойқын жер сілкінісі бұрын да тіркелген. Мәселен, 1999 жылы Измирде тіркелген жер сілкінісінің күші 7,6 баллды құраған. 1992 жылы 100 мыңнан аса адам тұратын Эрзинджан қаласы маңында 7-8 балдық жер сілкінісі болған.

Қазір қалың жұртты алаңдатып отырған мұндай табиғи апат біздің елде, соның ішінде сейсмикалық қауіпті  аймақ Алматы қаласында қайталануы мүмкін бе деген сауал туындап отыр.

Сейсмология институты директорының орынбасары Алматының оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөліктері сейсмикалық белсенді, сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқанын атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, 1887 және 1911 жылдары Алматыда ең қатты жер сілкінстері тіркелген.

«Жақында ғана Алматы полигоны аумағында жер сілкінісінің орташа мерзімді болжамы бойынша қорытынды әзірледік, ол уәкілетті органдарға ұсынылды. Осы қорытындыға сәйкес, биыл Алматы полигоны аумағында жеті балдық жер сілкінісі күтілмейді. Ғылыми зерттеулер бойынша апта сайынғы қысқа мерзімді қорытынды жасалады, ол 200-ден аса болжамдық параметрлерді талдау негізінде құрастырылады. Осы тұжырымдарды ескеретін болсақ, алдағы аптада бәрі тыныш болады», деді Нұрсәрсен Өзбеков.

Айта кетсек, сейсмологиялық болжамдар  жылына екі рет – жыл басында және ортасында құрастырылады.

 

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025