Қоғам • 07 Ақпан, 2023

Қаңтар оқиғасы кезінде кісі өлтірген инкассатор 8 жылға сотталды

296 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

7 ақпанда Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қаңтар оқиғасы кезінде ақша айырбастау пункттерінің бірінің жанында кісі өлтірді деген күдікке ілінген Ілияс Байдуалиевке қатысты үкім шығарды. Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаңтар оқиғасы кезінде кісі өлтірген инкассатор 8 жылға сотталды

Бұған дейін Ілияс Байдуалиевке қасақана кісі өлтірді деген айып тағылған еді.

Айыпталушының қорғаушысы Алма Мусинаның айтуынша, инкассаторлар тонаушыларды өз бетінше ұстауға тырысқан. Олар полицияға хабарласу мүмкін болмаған соң, ұсталғандардың құжаттары мен телефондарын алып, құқық қорғау органдарына мүмкіндігінше тезірек беру үшін көлігін базаға шығару туралы шешім қабылдаған. Бір сәтте ұрылардың бірі әрі жәбірленуші Нығметжанов қашып кетуге тырысып, сүрініп құлаған. Байдуалиев оны құлаған орнынан тұрғызбақ болған кезде абайсызда оқ атылған. Кейін Қалежан Нығметжанов 6 қаңтарда ауруханада қайтыс болғаны анықталды.

Сотталушыға ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-тармағы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша айып тағылды.

«Қылмысты зерттеу кезінде сотқа дейінгі тергеу барысында да, сотта да барлық дәлелдер ескерілді. Сот ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 15-тармағының 2-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша прокурордың ұстанымымен келіспеді. Айыптау қорытындысында Байдуалиев оны атып өлтіруге әдейі шешім қабылдағаны және жәбірленуші қылмыс орнында қайтыс болғандығы нақты көрсетілген. Бұл куәгерлердің айғақтарымен және дәрігерлердің қорытындысымен дәлелденді. Сот кісі өлтіру абайсызда болғанын жоққа шығарды», деді Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ерлан Болатов.

Сот кінәні ішінара мойындау түріндегі кінәні жеңілдететін мән-жайлардың болуын, Байдуалиевтің асырауында жас балалардың болуын және Нығметжановтың заңға қайшы мінез-құлқын ескерді. Инкассатор 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

 

Айтолған ЖҮНІСХАН,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025